Euromonitor International компаниясының зерттеулерімен және Passport ресурстарының мүмкіндіктерімен танысу

Euromonitor International компаниясының зерттеулерімен және Passport ресурстарының мүмкіндіктерімен танысу

Құрметті оқытушылар, магистранттар мен әріптестер!

Passport ақпараттық ресурстарының мүмкіндіктеріне арналған  Euromonitor International компаниясының онлайн семинарларына қатысуға шақырамыз.

 13 қыркүйек (сәрсенбі)  14:00-де

Қазақстан (мысал ретінде пайдаланып) экономикасының әртүрлі  секторларының беталысын, басқа ТМД елдерімен салыстыру бойынша ақпартты Euromonitor International компаниясының зерттеулерімен және Passport ресурстарының мүмкіндіктерімен танысу.

 14 қыркүйек  (бейсенбі)  14:00-де

Әртүрлі елдердегі нарықтағы  сату  және әртүрлі елдердегі өнімдердің көлемінің өзгеру динамикасын оқу және зерттеу процестерінде Passport ресустарын тәжірибе ретінде пайдалану,

 Семинарларға қатысу үшін https://pollmill.com/f/-d9gqfdv/answers/new.fullpage сілтемесі бойынша тіркеу формасын толтыру қажет және  https://global.gotomeeting.com/join/875753333 сілтемесі арқылы белгіленген уақытта виртуалды залға қосылу  қажет. 

 Passport (Euromonitor International Ltd.) ақпараттық ресусы

 

Euromonitor International – нарықты зерттеуде маманданған , сонымен қатар әлемдегі қызметтер мен мыңдаған   тауарлардың әртүрлі категорияларының дамуын талдап көрсететін әлімдік лидер

Компания әр ел,әр аймақ, категория  үшін және тұтынушы топтары үшін тәуелсіз эксперт ретінде нарықтық зерттеулер мен  даму болжамдарын жариялап отырады

Инновациялық өнімдер мен аналитик-эксперттердің күнделікті есеп берулерінің арқасында Euromonitor International  әр ұйым үшін таптырмас ақпараттық дереккөз болып табылады.

 Компания офистері әлемнің әр жерінде орналасқан, аналитиктер 80 нен астам елдерде жұмыс істейді, ал зерттеулерде әр оқиға талданады. Экономиканың өркендеуі мен дамуының  болашақтағы мүмкіндіктерін  бірінші болып талдаймыз.

Passport – Әлемдік нарықтың жағдайын түсіну үшін,нарықтық конъюнктура туралы электрондық ресурс.

Әлемнің 80 тарта елдің нарықтағы 28 саланың өндірісі туралы есепберулер мен статистикалық мәліметтерден , сонымен қатар демографиялық, макроэкономикалық және әлеуметтік-экономикалық мәліметтер мен 210 елдің экономикалық құрылысы және тұтынушы жағдайын талдаудан тұрады

 

 

Келесі модульдерден тұрады:

  • Industries- Негізгі өнеркәсіп салалары бойынша талдау және ғаламдық статистикалық деректер.
  • Economies & Consumers- Елдер жағдайына,  , сонымен қатар  әлем елдерінің тұтынушыларына әсер ететін біржақтылыққа жете талдау жасалып және  салалық зерттеулермен толықтырады .
  •  Passport –Әлемдік нарық, индустрия, елдер мен тұтынушылар туралы интеркативтік ақпараттық жүйе. Passport  бизнеске әсер етіп , бәсекелестік ортаны қалыптастырып мақсаттарды жоспарлау процесіне көмектеседі.

Passport зерттеулері  - жетекші компаниялардың табысы мен олардың көлемі, брендтер, тұтынушы нарығының әртүрлі категорияларының дамуының талдауы мен іскер әлем туралы мағлұмат береді

Passport  әлемдік ірі экономикалық индустриалдық құрылымды, бірлестіктер арасындағы қатынастардың құрылымын,сұраныс пен ұсынысқа әсер ететін экономикалық факторларды суреттеп ашып береді

Passport – Көптеген ұйымдардың қызметкерлеріне қажетті заманауи құрал. Алынған мәліметтер ұзақмерзімді стратегияларды құруға және түзетулерде, дәрежелерді, маретингті  басқаруда, сатуды дамытуда, жаңа нарыққа шығуды жоспарлауда,және экспортты дамытуда, компанияның бәсекелестік  саясатын құруда, жабдықтаушылармен жұмыста қолданылады 

Passport келесі мүмкіндіктерді көрсетеді:

  • 210 елдің іскерлік ортасын толықтай көрсетеді.
  • Тұтынушылық және одақтық нарықты жете талдауды
  • 1997 жылдан бастап 2020 жылдар кезеңдеріндегі  елдер бойынша және аймақтар бойынша салыстырмалы  статистикалық мәліметтерді
  •  Нарықтың мүмкіндігін талдау, компаниялар мен брендтердің үлесі, жетекші компаниялардың толық қырын, даму бағдары мен бағалар туралы ақпаратты
  • Экономиканың бастауы өндірістік құрылым,  бағаны құру мен жеткізу , өндірістік және сауда модельдері, статистканы қалыптастыру мен болжамдауды
  • Әртүрлі елдер, қалалар мен тұтынушы типтері үшін  әлеуметтік-экономикалық  бетбұрыс және халықтың өмір сүру қабілетін.
  • Әлемдік, аймақтық және жергілікті нарықтың конъюнктурасына әсер ететін себептерді тездетіп түсіндіруді
  • Тұтынушылардың қарым-қатынасы, пікірі, мінез-құлқы туралы мәліметтерді ашатын жауап алу нәтижелерін.


Ресурста:

  • Тұтынушы тауарлары мен қызметтерінің салалық талдауы, сонымен қатар нарықтың өнімділігін, нарықтың аумағы, жетекші компаниялардың және брендтердің профилі мен нарықтағы пайдасы;
  • Әлемдік экономикадағы  жетекші өндірістердің құрылымы, экономикалық әсері мен күші, өнімді жеткізу тізбесі, экономикалық үлгілеу мен болжамдау, эконометрикалар, үлкен көлемді  деректерді талдау, жоспарлау;
  • Әр ел үшін  әлеуметтік-экономикалық, демографиялық беталысы,тұтынушылардың өмір сүру қабілетін талдау және деректер;
  • Ғаламдық,қалалық және  аймақтық  деңгейінің  бизнеске  әсер ететін себептері туралы өзекті пікірлер;
  • Бағалау  мен тұтынушылық мінез-құлықты зерттеу.

көрсетілген

Image
Euromonitor