Химия факультетінің оқу кітапханасы Ақпарат күнін өткізді

2017 жылдың 6-шы желтоқсанында химия факультетінің оқу кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ақпарат күні өткізілді.

Студенттерге (ХБ-11, ТФП-15 топтары) тақырыптық таныстырылымдар мен ақпараттық хабарламалар, кітап көрмелері мен шолулар ұсынылды, Ақпарат күніне профессор оқытушылар құрамы: «Органикалық химия және полимерлер»  кафедрасының доценті Кенжетаева Сәуле Орынбайқызы мен «Бейорганикалық және техникалық химия» кафедрасының аға оқытушысы Абеуова Салтанат Болатовна қатысты.