Эльзевир (Elsevier) – ғылыми қызмет саласында беделді

2018 жылдың 9-шы қаңтарынан бастап Scopus ақпараттық-іздестіру деректер базасы және Elsevier баспасының Science Direct ғылыми базасына қатынауға мүмкіндік беріліп отыр.

Эльзевир (Elsevier) – ғылыми қызмет  саласында беделді, жоғарғы атаққа ие ғалымдар дайындаған, электрондық басылымдар, энциклопедиялар, монографиялар және ғылыми журналдардан тұратын әлемдегі ең ірі ғылыми әдебиеттердің баспасы.

Барша қазақстандықтарды жаңа 2018 жылдарыңызбен құттықтаймыз!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2018 жылдарыңызбен құттықтаймыз! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын! Жаңа жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

 

Химия факультетінің оқу кітапханасы Ақпарат күнін өткізді

2017 жылдың 6-шы желтоқсанында химия факультетінің оқу кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ақпарат күні өткізілді.

Студенттерге (ХБ-11, ТФП-15 топтары) тақырыптық таныстырылымдар мен ақпараттық хабарламалар, кітап көрмелері мен шолулар ұсынылды, Ақпарат күніне профессор оқытушылар құрамы: «Органикалық химия және полимерлер»  кафедрасының доценті Кенжетаева Сәуле Орынбайқызы мен «Бейорганикалық және техникалық химия» кафедрасының аға оқытушысы Абеуова Салтанат Болатовна қатысты.

 

Ақпарат күні физика-техникалық факультеті мен математика және ақпараттық технологиялар факультетінің оқу кітапханасында өтті

2017 жылдың 30-шы қарашасында физика-техникалық факультеті  мен  математика және ақпараттық технологиялар  факультетінің оқу кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған Ақпарат күні өткізілді

“Ұлықтауға лайық есім - Имя, достойное памяти” кітап көрмесі

Университетте  1991-2004 жылдар аралығында  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры,техника ғылымдарының докторы, профессор Ж.С. Ақылбаевты еске алуға арналған   «Ұлықтауға лайық есім - Имя, достойное памяти»  атты кітап көрмесі өтті.

IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесіне тегін тестілік қатынау ашылды.

Құрметті студенттер, магистранттар, оқытушылар мен қызметкерлер!

Біздің университетке 30.10.2017ж. -  30.12.2017ж.  аралығында  IPRbooks электронды-кітапханалық жүйесіне тегін тестілік қатынау ашылды.