Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр

Құрметті декандар!  Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқу жоспарының пәндеріне байланысты жаңа кітаптарды алуға сұраныс дайындап және  ОӘК–ді қордан шығару тізімін дайындауларыңызды сұраймыз!  Жаңа прайс-парақтар сайтқа орналастырылған.

Тестілік қатынау

     Толық мәтінді диссертациялар жинағының әлемдегі ең ірі -ProQuestDissertations&ThesesGlobal  деректер базасына тестілік қатынау жүріп жатыр. ProQuestDissertations&ThesesGlobal  деректер базасында 4 млн диссертация арқылы  іздестіру жүргізіледі. Іздестіру кең ауқымды пәндік айдарлар көмегімен және қосымша ресурстар оның ішінде аудио, видео және графикалық материалдардың  көмегімен жүргізіледі.

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің репозиториі

Кітапхананың көмегімен университеттің профессор-оқытушылар құрамының  білім беру саласындағы және ғылыми жұмыстарының электрондық қоймасы болып табылатын репозиториі құрылды!

Кітапхана түлегі күні өтеді

      2017 жылдың 13-ші наурызынан бастап кітапхана Дипломшылар күнін өткізуді бастайды. Шараның негізгі мақсаты: дипломдық жұмыстардың тақырыбына қарай кітаптар мен басқа да жарияланымдарды студенттерге таныстыру; дипломды жобалауға көмек ретінде  кітапхананың ақпараттық ресурстарымен таныстыру; ақпаратты іздеуді және дипломдық жұмыстың библиографиялық тізімдері мен сілтемелерді  дұрыс рәсімдеуге көмек көрсету.

Дипломшылар күні

   13-ші наурызда химия факультеті кітапханасы мен органикалық химия және полимерлер кафедрасымен бірлесіп факультеттің 3-ші курс студенттеріне арналған Дипломшылар күнін өткізді. Шара аясында «Дипломдық жұмысты жазудағы оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді пайдалану» (доценттер Омашева А.В. мен Жұмағалиева Т.С.), «Жазба жұмыстарды дайындаудағы ақпараттық ресурстардың көмегі» (кітапхана маманы Макачева Ә.), «Дипломдық жұмысқа әдебиеттерді таңдау және әдебиеттер тізімін рәсімдеу» (аға кітапханашы Әбдірейімова А.Қ.) атты баяндамалар дайындалып.