Ғылыми кітапхана алғашқы 17 кітапты алды

Ғылыми кітапханаға «Рухани жаңғыру – 100 кітап» бағдарламасына сәйкес қазақ тілінде шыққан алғашқы 17 кітабы келіп түсті. Кітаптар ғылыми және техникалық өңдеуден өткізген соң университет оқу кітапханаларына түседі. Кітаптардың тізімі көрсетілген«Жаңа түсімдер» айдарында кітаптардың қысқаша түсініктемесін көруге болады.

9 Мамыр - Жеңіс күні!

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал Сіздердің өздеріңіз, құрметті ардагерлер, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала бересіздер. Сіздердің қан майданның алдыңғы шебіндегі ерліктеріңіздің, тылдағы ерен еңбектеріңіздің арқасында қазақстандықтардың бүгінгі ұрпағы келісіммен бейбіт өмір сүруде. Сіздердің ерен ерліктеріңіз, қажырлы еңбектеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін , құрметті ардагерлер, Сіздердің алдарыңызда бас иеміз.

Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні

1996 жылдың 23-ші сәуірінен бастап жыл сайын Бүкіләлемдік кітап және авторлық құқық күні аталып өтеді.

«Әлемдегі ең керемет кинозал - ми. Бірақ сен оны тек кітап оқығанда ғана түсінесің»

  Ридли Скотт

2018 жылдың 9-шы сәуірінде Шетел тілдері факультетінің 3-ші курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді

2018 жылдың 9-шы сәуірінде Шетел тілдері факультетінің 3-ші курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді. Кітапхана қызметкерлері Щекина Т.А., Мартьянова З., Мырзахмет Г., Секербай Г., және Насипова Д.А. студенттерге кеңес берді.  Ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының оқытушысы Тұрдығұлова Г.Д. журнал жарияланымдарына шолу жүргізді.

2018 жылдың 4-ші сәуірінде тарих факультетінің оқу  кітапханасында  факультеттің 3-ші курс студенттеріне

2018 жылдың 4-ші сәуірінде тарих факультетінің оқу  кітапханасында  факультеттің 3-ші курс студенттеріне (ГИ-33, МО-37, АЭ-35, КО-31 топтары) арналған Диплом жазушылар күні өткізілді. Шара кітапхана қызметкерлерінің -  Дүйсембекова О.Ж., Әбдірейімова А.Қ., Шоқабаева А.С.   ұйымдастыруымен өтті. Сонымен қатар факультеттің профессор-оқытушылар құрамы –  PhD докторы, Бүкіләлем тарихы және халықаралық қатынастар кафедрасының  доценті Стамбулов С.Б., Археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының  доценті Қарсыбаева Ж.А. қатысты.