Дипломшылар күні

   13-ші наурызда химия факультеті кітапханасы мен органикалық химия және полимерлер кафедрасымен бірлесіп факультеттің 3-ші курс студенттеріне арналған Дипломшылар күнін өткізді. Шара аясында «Дипломдық жұмысты жазудағы оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерді пайдалану» (доценттер Омашева А.В. мен Жұмағалиева Т.С.), «Жазба жұмыстарды дайындаудағы ақпараттық ресурстардың көмегі» (кітапхана маманы Макачева Ә.), «Дипломдық жұмысқа әдебиеттерді таңдау және әдебиеттер тізімін рәсімдеу» (аға кітапханашы Әбдірейімова А.Қ.) атты баяндамалар дайындалып. Кітапханашы Грешнова Л.В. «Рефераттан курстық жұмысқа, курстық жұмыстан дипломдық жұмысқа» атты әдебиеттер көрсетілімін әзірлеп, доцент Омашева А.У. әдебиеттерге шолу жасады.