Кітапхананың құрылымы

  • Кітапхана ресурстарын толықтыру және каталогтау бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады; күнделікті толықтыру, қайта толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу, кітап айырбасын жүзеге асырады; кітапхана қорының жиынтық және жекелей есебін жүргізеді. Толықтырудың негізгі үрдістері автоматтандырылған: жекелей есепке алу, мерзімді басылымдарға жазылу, тіркеу есебін жүргізу. Кітапхананың құрылымдық бөлімдері үшін кітаптар мен басқа материалдарды жүйелеуді, каталогтауды және техникалық өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады; жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың ДБ қалыптастырады; кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады, жүргізеді, саралайды; оқу кітапханаларының ведомстваға қарасты жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларының каталогтарымен жұмыстарына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері студенттер үшін кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша сабақтар өткізеді.

Электрондық ресурстар бөлімі негізгі кітапханалық процестерді автоматтандыруды программалық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ретроспективті қорға электронды каталогтың деректер базасын құрады; кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толық-мәтінді деректер базаларын, университеттің электрондық кітапханасын құрады, сырттан толықмәтінді деректер базаларын («Заң», «Юрист», «EBSCO Publishing», «Elsevier», «Science» және т.б.) алады, CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады; электрондық ресурстарға, жерсеріктік теледидарлама мен Интернетке қатынауды ұсынады; құжаттарды электрондық жеткізуді ұйымдастырады; сервистік қызметтер көрсетеді. Бөлімнің құрылымына 7 электрондық ресурстар залы кіреді

  • электрондық ресурстар залы, бас корпус, 202 б.
  • электрондық ресурстар залы, №3-ші ғимарат, 113 б.
  • электрондық ресурстар залы №4-ші ғимарат, 1-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №6-шы ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №8-ші ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №10-шы ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №11-ші ғимарат, 2-ші қабат

Қызмет көрсету бөлімі күрделі құрылымнан тұрады. Құрамында 6 оқу кітапханасы бар. Оқырмандарға 11 абонемент,12 оқу залы, 5 электрондық ресурстар залында қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету бөлімі оқу әдебиеттерін топтап беруді жүзеге асырады, оқу процестеріне көмекке кітап көрмелерін, ғылыми конференцияларға әдебиеттердің ашық көрмелерін, жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін, ақпарат күндерін, кафедра күндерін, Дипломдық жұмыс жазушылар күндерін ұйымдастырады.

Оқу кітапханалары – бұл оқу, ғылыми, анықтамалық әдебиеттер, факультеттің бейініне қарай мерзімді басылымдар; 80 мың басылымнан астам көркем әдебиеттер; сирек кітаптар; шет тіліндегі әдебиеттер; электрондық ресурстар; электрондық каталог бойынша көпаспектілі іздеу; қызметтер көрсету: тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу, тізімдер құрау және саралау, библиографиялық анықтамаларды орындау, түнгі абонемент, ксерокөшірмелеу, үлдірлеу, түптеу.

Бас корпустағы кітапхана

Мекен –жайы: Университет көшесі, 28; т. 77-04-16, 77-04-02
Каталогтар залы (2 қабат, 202 б.)
Электрондық ресурстар залы (2 қабат, 202 б.) 
Жалпы оқу залы (3 қабат, 302 б.) 
Заң әдебиеттерінің оқу залы (4-қабат,402 б.) 
Оқытушыларға арналған оқу залы (420 б.) 
Оқу - әдістемелік кешендер абонементі (429 б.)

Заң және экономикалық ғылымдар бойынша оқу әдебиеттерінің абонементі

Мекен –жайы: Университет көшесі, 28/а; 2 корпус 2 қабат

Заң және экономикалық ғылымдар бойынша ғылыми әдебиеттердің абонементі

Мекен –жайы: Университет көшесі, 28/а; 2 корпус 2 қабат

Математика және ақпараттық технологиялар мен физика-техникалық факультеттерінің оқу кітапханасы 

Мекен жайы: Университет көшесі 28а, 2 корпус, 2-қабат
Абонемент 
Электрондық каталог
Оқу залы

Биология-география факультетінің оқу кітапханасы 

Мекен жайы: Университет көшесі 28/б, корпус 3, 2 қабат
Абонемент
Электрондық каталог
Оқу залы
Оқытушыларға арналған оқу залы
Тарих әдебиеттерінің абонементі
Сирек кітаптар оқу залы (4 қабат, 410 б.) 
Электрондық ресурстар залы (1 қабат, 113 б.)

Химия факультетінің оқу кітапханасы 

Мекен-жайы: Оңтүстік-Шығыс, автобекет, 6 корпус, 2-қабат
Абонемент
Электрондық каталог
Оқу залы

Филология факультетінің оқу кітапханасы

Мекен-жайы: Мұқанов көшесі, 1; 8 корпус 
Оқу әдебиеттерінің абонементі (1-қабат) 
Ғылыми әдебиеттер абонементі (1-қабат) 
Оқу залы (2-қабат) 
Мультимедиалық зал (2-қабат) 
Электрондық ресурстар залы (2- қабат)

Гуманитарлық факультеттердің оқу кітапханасы 

Мекен-жайы: Мұқанов көшесі, 1, 9-корпус,1-қабат 
Абонемент 
Оқу залы
Электрондық ресурстар залы (№10- ғимарат, 2- қабат)

Педагогика факультетінің оқу залы

Мекен-жайы: Карбышев көшесі, 7; 11 корпус
Абонемент 
Оқу залы
Электрондық ресурстар залы (2- қабат)

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің № 4 ғимаратының кітапханасы 

Мекен-жайы: Гоголь көшесі, 38
Электрондық ресурстар залы (1- қабат) Оқу залы - 3 қабат