Рухани жаңғыру - 100 kitap

2018 жылдың 28-ші мамырында  №1-ші дәрісханада    «Рухани жаңғыру – 100 кітап» бағдарламасы бойынша келіп түскен жаңа оқу басылымдарының тұсаукесері өткізілді. Таныстырылымға факультеттердің профессор-оқутышылық  құрамы, студенттер , магистранттар мен докторанттар шақырылыды. Кітаптарды: ф.ғ.д., профессор Мәжітаева Ш.М., экономика ғылымдарының докторы, профессор Есенгельдин Б.С., физика-математика ғылымдардың кандидаты Әлібиев Д.Б. және философия ғылымдарының кандидаты Құсбеков Д.К. сияқты университет ғалымдары таныстырды.  Тұсаукесерді  бірінші проректор, профессор Жұмашев Р.М., жүргізді. Таныстырылымда  оқу үдерісінде пайдаланатын қазақ тіліндегі 18 жаңа басылымдар қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әр қатысушыға кітаптар тізімі бар экспресс ақпарат парақшалары, сонымен қатар әр басылымға  сипаттамасы  мен авторлары туралы мәліметтері бар  бетбелгілер ұсынылды. Кітаптар туралы  ақпарат кітапхананың электрондық каталогында  көрсетілген.

Рухани жаңғыру - 100 книг

Рухани жаңғыру - 100 книг