Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми кітапханасын пайдалану ережесі

Осы ереже «Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Ғылыми кітапханасы туралы ереженің» негізінде құрастырылды және кітапханалар мен кітапхананы пайдаланушылар арасындағы қатынасты реттейді.

1. Оқырмандар құқығы

Оқырманның:

  • ҒК ұсынатын кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметтің негізгі түрлерін пайдалануға;
  • ҒК қорының құрамы туралы толық ақпарат және ақпарат көздерін іздеу мен таңдауға кеңес түрінде көмек алуға;
  • құжаттарды уақытша пайдалану үшін үйге немесе оқу залына алуға;
  • кітапхана аралық абонемент бойынша құжаттарды немесе олардың көшірмелерін немесе белгіленген тәртіп бойынша құжаттарды электрондық жеткізуге;
  • ақысына қосымша ақпараттық немесе сервистік қызметтер («Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ҒК оқырманға көрсетілетін ақылы кітапханалық-ақпараттық қызметтер мен жұмыстарының тізбесіне» сай) алуға;
  • ҒК өткізетін іс-шараларға қатысуға;
  • ҒК-ның әкімшілігіне әртүрлі сұранымдармен және ұсыныстармен шығуға құқықтары бар.

2. Оқырмандардың міндеттері

Осы Ғылыми кітапхананы пайдалану ережесін орындауға міндетті:

  • ҒК қорынан алынған кітаптарға және басқа құжаттарға ұқыпты қарап, оларды белгіленген мерзімде қайтаруға;
  • әдебиеттерді алған кезде әрбір басылымды қарап шығып және қандай да болмасын ақау тапса ол туралы ҒК қызметкеріне хабарлайды, құжаттарды соңғы пайдаланған оқырман ретінде жауап береді;
  • жыл сайын оқу жылының басында қолда бар барлық басылымдарды көрсетіп, қайта тіркеуден өту қажет; қайта тіркеуден өтпеген оқырманға қызмет көрсетілмейді;
  • университеттен кеткен кезде ҒК-ға барлық басылымдарды, оқырман картасын өткізулері және кету қағазына қол қойғызулары қажет;
  • басылым жоғалған немесе бүлінген жағдайда ҒК мойындаған және құнына сай жоғалған басылымды ауыстыру қажет (орнын толтыру керек);
  • ҒК-ға келгенде тыныштық пен тәртіпті сақтауға және басқа қызметкерлермен, оқырмандармен сыпайы қатынасты ұстауға міндетті.

3. Оқырмандарға рұқсат берілмейді:

  • баспа басылымдарын және басқа құжаттарды егер олар оқырман формулярында жазылмаған болса, ҒК-ның бөлмелерінен алып шығуға;
  • оқырман картасын өзге адамға беруге;
  • ҒК-да орналасқан дербес компьютерде әртүрлі жұмыс түрлерін рұқсатсыз орындауға;
  • ҒК бөлмелеріне сыртқы киіммен кіруге рұқсат етілмейді.

4. ҒК-ның құқығы мен міндеттері

ҒК өзінің қызметінде оқырман құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Ғылыми кітапхананың міндеттері:

  • университет бейініне сәйкес өзінің қорын қалыптастыру;
  • ҒК барлық қағаз, электрондық аудио-бейне және басқа тасушылардағы қорларына оқырмандардың қатынасуын қамтамасыз ету;
  • оқырмандарға каталогтар жүйесі және кітапханалық ақпарат беру арқылы кітапханалық қордың құрамы туралы толық ақпаратты ұсыну;
  • оқырмандарға ақпарат көздерін іздеу және таңдауға кеңес береді, олардың ақпараттық мәдениетін көтеруге көмектесу;
  • ҒК-ның қорындағы құжаттарды пайдаланады, сақтайды және есебін жүргізеді;
  • өз қорларының түгел сақталуына жауап беру;
  • оқырмандардың жоғары деңгейлі руханилығын және адамгершілігін қалыптастыруға, кең ғылыми ой-өрісін дамытуға, шығармашылық ойлауды қалыптастыруға септігін тигізетін және ары қарай өздігінен білім алу қабілетін қалыптастыру үшін гуманитарлық-ағартушылық жұмыстарды жүргізіп, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру;
  • кітапханады оқырмандарға жайлы жұмыс істеуін қолдап және жағдай жасау.

5. Оқырмандардың жазылу тәртібі

Оқырман ҒК-ға жазылу кезінде белгіленген тәртіпте осы ережемен танысады және оқырман картасын алады.

  • профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге оқырман картасы факультеттердің оқу кітапхналарының абонементінде беріледі;
  • Электрондық оқу билеті жалпы оқу залында беріледі (бас ғимарат, 3 қабат);
  • университет қызметкерлері өздері жұмыс істейтін ғимараттың оқу кітапханаларының абонементінде оқырман картасын жаздырып алады.
  • шарт бойынша қызмет көрсетілетін басқа ЖОО студенттері мен кешенді мектептердің оқушыларына оқырман картасы бір оқу жылына ( 2-ші ғимараттың экономика және заң ғылымдарының оқу әдебиеттері абонементінде) беріледі;
  • бөтен оқырмандарға, жеке куәліктері арқылы оқу залдарында ақылы қызмет көрсетіледі. Ұйымдардың өтініші немесе келісім шартқа сәйкес оларға тегін қызмет көрсетілуі мүмкін;
  • оқырман картасының жарамдылық мерзімі – бір оқу жылы; жыл сайын оқу жылының басында ҒК оқырмандарды қайта тіркеуден өткізеді;
  • оқырман картасы тек фотосуретімен; ҒК-ның мөртабанымен және жыл сайынғы қайта тіркеуден өткендігі жөніндегі белгісімен ғана жарамды;
  • cтуденттер, магистранттар және аспиранттар ҒК-ға 2 фотосурет және оқуға қабылданғаны туралы бұйрық негізінде жазылады;
  • ҒК-ға жазылу үшін 2 фотосурет, оқытушылар мен қызметкерлер ҚарМУ-нің қызметкері куәлігін немесе жеке куәлігін, қызметкерлерді басқару бөлімінен анықтаманы көрсетулері керек;

6. Абонементті пайдалану ережесі

Абонементтегі басылымдар үйге мына төмендегі мерзімдерге беріледі:

  • оқу басылымдары – студенттерге, магистранттарға оқу бағдарламалары мен жоспарларына сай бір семестрге немесе оқу жылына; оқытушыларға, аспиранттарға – оқу жылына (15 данадан асырмай) беріледі;
  • оқытушылар жаз кезеңінде жұмыс істеу үшін оқу әдебиеттерін 7 данаға дейін ала алады;
  • өте қажет оқу басылымдары “қысқа мерзімді абонементке” кіргізіледі (10-нан 30 күнге дейін);
  • ғылыми басылымдар 20 күнге 7 данаға дейін барлық оқырмандарға беріледі;
  • көркем әдебиеттер филология факультеті шетел тілдер факультетінің студенттеріне 15 күнге 5 данаға дейін, әдеби-көркем журналдар 7 күнге; басқа факультеттердің студенттеріне 10 күнге дейін беріледі;
  • көптомдық басылымдар бір уақытта 2 томнан артық берілмейді;
  • ғылыми және көркем басылымдарды басқа оқырмандар тарапынан сұраныс болмаса (немесе қысқартылған, егер басылым жоғары сұранысқа ие болса) пайдалану мерзімі ұзартылуы мүмкін;
  • оқырман басылымды алу кезінде әр дана үшін кітап формулярына алған күнін қойып, қол қоюға міндетті;
  • басылымды уақытында өткізбеген және мерзімін ұзартуға әрекет жасамаған оқырманнан мерзімін асырып алғаны үшін ҒК-да белгіленген және университет ректоры бекіткен көлемде айыппұл алынады;
  • студенттерге, магистранттарға және қызметкерлерге тек өзінің оқу кітапханасында абонемент ашылады;
  • сырттайғы оқу бөлімінің студенттері тек сессия кезінде ғана басылымдармен қамтамасыз етіледі;
  • оқытушылар, аспиранттар кітапхананың кез-келген абонементін пайдалана алады (университеттен кеткен жағдайда кету қағазына барлық оқу абонементтері қол қояды).

7. Кітапхананың оқу залдарын пайдалану ережесі

 

Басылымдарға тапсырыс берген кезде оқырман билетін көрсетіп, оқырманның талап парағын толтырады:

  • оқу залында бір мезгілде берілетін басылым саны 7 данадан аспауы керек;
  • оқу залының жабылуына 1 сағат қалғанда басылымдарды “түнгі абонементке” алуға болады, саны 3 данадан аспауы керек (энциклопедиялар және басқа анықтамалық басылымдар, жалғыз даналы және кітапхананың негізгі кітап сақтау бөлімінен басылымдар берілмейді);
  • “түнгі абонементке” басылым оқырманға кепілге оқырман картасы алынып, ақысы төленгеннен кейін беріледі, университетке бөтен адамдарға “түнгі абонементке” берілмейді;
  • оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмысында (СӨЖ) пайдалану үшін оқу залынан құжаттар оқытушының жауапкершілігіне жүктеліп беріледі.
  • Интернет желісіне Wi-Fi сымсыз байланыс жүйесі арқылы Оқырман картасы бойынша оқу залдарында қатынауға болады;

8. Электрондық ресурстар залдары мен мультимедиалық залды пайдалану ережесі

 

  • залдарды Оқырман картасы арқылы қызмет көрсетіледі
  • залға алғашқы келген кезде пайдаланушы тіркеуден және залды пайдалану ережесі мен техника қауіпсіздігі ережесі туралы зал қызметкерінің түсіндірмесінен өтеді.
  • Интернет желісінде жұмыс істеу үшін жазылу барысында міндетті түрде ақпаратты іздеу тақырыбы көрсетіледі.
  • Интернет желісінде жұмыс істеу үшін күніне, студенттерге 1 сағат, оқытушыларға, аспиранттар мен магистранттарға – 2 сағат беріледі.
  • пайдаланушылар құрал-жабдықтарға ұқыпты болуға міндетті, компьютер жабдықтарының жарамсыздығын байқаған жағдайда тез арада зал қызметкеріне хабар беру керек.
  • пайдаланушылар оқу және ғылыми мақсатта 15 минут аралығында электрондық почта арқылы хат жазысу жүргізуге құқылы. Жеке хат жазысуға рұқсат берілмейді.
  • залдарда оқу және ғылыми материалдары бар жекеменшік CD-ROM, аудио, бейнежазбаларды қолдануға рұқсат етіледі. 8. Оқырмандардың ҒК пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілігі

     

  • Ережені бұзған оқырмандар 1 айдан және одан көп уақытқа ҒК-ны пайдалану құқығынан айрылуы мүмкін.
  • Ережені өрескел бұзған оқырман туралы мәліметтер қаралу үшін деканатқа жіберіледі.