Құжаттарды электрондық жеткізу

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында құжаттардың электрондық жеткізу  (ҚЭЖ)қызметі жүргізіледі.  ҚЭЖ қызметі арқылы кітап үзінділерінің электрондық нұсқасын, газет журналдардағы мақалалар, диссертация авторефераттары, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кітапханасы қорындағы диссертациялар немесе интернет ресустарын пайдалану арқылы басқа қорлардан ақпаратқа  тапсырыс беруге болады.

                Тапсырыстар электрондық ресустар бөлімінде (бас ғимарат, 416 бөлме) немесе электрондық пошта(rootlib@ksu.kz) арқылы  тапсырыс қағазын толтыру бойынша  қабылданады.

                Тапсырыстар  2 күннен 10 жұмыс күндері аралығында тапсырыстың қиындығына байланысты орындалады. Электрондық құжатты жеткізудің бағасы тапсырысты орындау барысындағы   технологиялық іс-әрекеттерге байланысты құралады. Тапсырысты қабылдау және оны өңдеу, басылымды сканерлеу, материалдарды басып шығару қызметінің бағасы кітапхана ақпараттық қызметтер прескурантына сәйкес  қойылады. Төленгені расталған соң ғана  құжаттар жеткізіледі.

                Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғылыми кітапханасының ҚЭЖ қызметі  құжаттар көшірмесін тек  жеке пайдаланушылар үшін  ұсынады және берілген материалдардың әрі қарай пайдалануы үшін жауап бермейді.