Кітапхана түлегі күні өтеді

      2017 жылдың 13-ші наурызынан бастап кітапхана Дипломшылар күнін өткізуді бастайды. Шараның негізгі мақсаты: дипломдық жұмыстардың тақырыбына қарай кітаптар мен басқа да жарияланымдарды студенттерге таныстыру; дипломды жобалауға көмек ретінде  кітапхананың ақпараттық ресурстарымен таныстыру; ақпаратты іздеуді және дипломдық жұмыстың библиографиялық тізімдері мен сілтемелерді  дұрыс рәсімдеуге көмек көрсету.

      Бұл үшін жаңа басылымдарға шолу жүргізіліп, кітаптар мен журналдар көрмелері ұйымдастырылып, тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп кеңестер беріледі. Дипломшылар күнін өткізуге сіздердің дипломдық жұмыстарыңыздың жетекшілері мен оқытушыларыңыз қатысады.