Ғылыми кітапхана тарих және биология-география факультеттерінде Дипломшылар күнін өткізді

   14-ші наурызда ғылыми кітапхана тарих және биология-география факультеттерінде Дипломшылар күнін өткізді. Шараны өткізуге кітапхана қызметкерлері – Шафеева О., Қайырқұл К., Макачева Ә. мен Әдірейімова А., сонымен қатар доценттер Әуелбекова А.Қ., Жакин М.С., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының меңгерушісі Өскембаев Қ.С., тарих факультеті деканының орынбасары Бөдеев Қ.Т. атсалысып баяндама жасады. Әдебиеттерге шолу жасалып, иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеңестер берілді.

Филология факультетінің оқу кітапханасында қазақ және орыс топтарының 3 курс студенттеріне арналған Дипломшылар күні өткізілді

    2017 жылдың 27 наурызында филология факультетінің оқу кітапханасында қазақ және орыс  топтарының «Журналистика», « Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», «Қоғаммен байланыс», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 3 курс студенттеріне арналған Дипломшылар күні өткізілді.

«Passport» статистикалық деректердің электрондық ресурстарына тестілік қатынау.

       2017 жылдың 3-10 сәуір аралығында«Euromonitor International» Британдық зерттеу компаниясының  «Passport» статистикалық деректерінің электрондық ресурстарына тестілік қатынауға мүмкіндік бар.