100 KITAP

алем саясат

66.0
Б37

Бейлис, Дж.

Әлемдік саясаттың жаһандануы. Халықаралық қатынастарға кіріспе / Дж. Бейлис. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2020. - ISBN 978-601-7943-93-6
Аннотация 

Джон Бейлис, Патриция Оуэнс және Стив Смит жетекшілігімен құрастырылған халықаралық қатынастар пәніне ең танымал кіріспе еңбекте саланың үздік мамандары жазған әлемдік саясаттағы басты теориялар мен жаһандық мәселелерге кеңінен шолу жасалады. «Әлемдік саясаттың жаһандануы: Халықаралық қатынастарға кіріспе» атты кітаптың 7-басылымы халықаралық қатынастар саласындағы ең соңғы оқиғаларды қамтитын феминизм, нәсіл, халықаралық ұйымдар және мемлекеттік емес ұйымдар секілді бірнеше жаңа тараудан тұрады және бұл саланың болашақтағы басты мәселелерін анықтайтын тақырыптармен таныстырады.  

Кітапта жаһандану дәуіріндегі әлемдік саясатқа шолу жасау, заманауи әлемдік саясатты түсіндіретін теориялық ұстанымдарды қысқаша баяндау және қазіргі әлемдік саясатты анықтайтын негізгі құрылымдар мен мәселелерді айқын түсінуге қажет материал ұсыну секілді үш түрлі негізгі мақсат көзделген.
билим

74.00я73
Б-25

Бартлетт, С.

Білім берудегі зерттеулер: кіріспе / С. Бартлетт. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2020.

Аннотация Соңғы жылдары білім беру ісін зерттеу жеке пән саласы ретінде қарқынды дамып келеді. Ұсынылып отырған еңбекте студенттерге жан-жақты қолдау көрсету мақсатында терең зерттеуді қажет ететін бірқатар жеке оқыту салалары жөнінде кеңінен баяндалған. Авторлар білім берудің түрлі аспектілері мен оған қатысы бар әлеуметтік және саяси кұрылымдарды, ұлттык оқу багдарламаларының жасақталуына эсер ететін элеуметтік өзгерістерді, экономикалық қысымдар мен саяси факторларды талдай отырып, білім беруді қаржыландыру, оның құрылымының кеңеюі мен өзгеруі жөніндегі мәселелерді де тілге тиек етеді. Білім берудегі соңғы жетістіктерге тоқтала отырып, адамның мінез-құлқы, мотивация, жетістік және өзін-өзі бағалау жөніндегі білімін арттыруға көмектесетін оқыту стильдері, стратегиялары, тәсілдемелері мен преференцияларына қатысты жүргізілген зерттеулердің мәнін талдап және түсіндіріп береді. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығатын барша зерттеушілер мен практик-мамандарға арналған.

азамат1_1

67.71
Э-64
Эндрюс Н.

Азаматтық іс жүргізу [Текст] : учебное пособие / Н. Эндрюс. - Нұр-Сұлтан : Ұлттық аударма бюросы.

1-ші т. Бірінші кітап : Сот өндірісі. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2020. - ISBN 978-601-7943-81-3

Аннотация  Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындағы реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарға жауапты осы кітаптан таба аласыз.

азамат1_2

67.71
Э-64
Эндрюс Н.

Азаматтық іс жүргізу [Текст] : учебное пособие / Н. Эндрюс. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы.

1-ші т. Екінші кітап : Сот өндірісі. - Нұр-Сұлтан : Ұлттық аударма бюросы, 2020. - ISBN 978-601-7943-82-0

Аннотация Бұл кітап – азаматтық процесс саласындағы Англияның ең танымал мамандарының бірі, Кембридж университетінің профессоры Нил Эндрюс дайындаған оқу құралы. Автор әрбір тарауды жан-жақты зерттей келе, азаматтық процестегі пікірталастарды баяндайды, Англияның құқық жүйесіндегі реформаларға және дауды реттеудің балама жолдарына тоқталады. Дауды шешу және реттеу үшін бизнесмендер ағылшын сотына жүгінетін қазіргі таңда кітаптың берер мағлұматы мол. Әсіресе еліміздегі сот саласындағы реформаларды ескерсек, қай нормаларды дамыту керек, олардың қайсысы ағылшын практикасында сәтсіздікке ұшырады, сот жүйесінде қандай норма басшылыққа алынуы керек деген сұрақтарға жауапты осы кітаптан таба аласыз.

азамат2

67.71
Э-64
Эндрюс Н.

          Азаматтық іс жүргізу [Текст] : учебник / Н. Эндрюс. - Нұр-Сұлтан : Ұлттық аударма бюросы.

2-ші т. : Медиация және арбитраж. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2020. - ISBN 978-601-7943-82-0

Аннотация 

Нил Эндрюс екі томда да Англия мен Уэльстегі (екеуі де құқық саласында жетекші саналады) азаматтық іс жүргізуді егжей-тегжейлі қарастырған. Сондай-ақ дауларды реттеудің барлық негізгі түрлерімен таныстырады: бұл кітап – сот талқылауы, медиация мен арбитраж, сот әділдігі жан-жақты әрі практикалық тұрғыда қамтылған бірегей қайнар көз. Оқулықтағы ауқымды сыни және принципті түсіндірулер Англияның ғана емес, шетелдік азаматтық іс жүргізу құқығындағы әдіс-тәсілдерге сүйене отырып жасалған. Дауларды реттеу тәжірибесі талқыланған: мемлекеттік, жеке, сот және бітімгерлік – сот және арбитраж жүйесі, сондай-ақ медиацияның дамып келе жатқан техникасы туралы түсінік қалыптастырады. Оқулықта мемлекеттік (Англия) және шетелдік жұмыстардың (азаматтық іс жүргізудегі) дәйексөздері мен библиографиялық сілтемелері молынан қамтылған.

 

XXI ғасырға-21 сабақ

87.6
Х 20

Харари, Ю. H.

XXI ғасырға-21 сабақ [Мәтін] : ғылыми басылым / Ювал Hоаһ Харари. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 384 б. - (Рухани жаңғыру). - Пер. изд. : 21 lessons for the 21 st century / Y. N. Harari. - ISBN 978-601-7943-76-9
Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы

28.7
Х 20

Харари, Ю. H.

Homo Deus: болашақтың қысқаша тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Ювал Hoah Харари. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 434 б. : сур. - (Рухани жаңғыру). - Пер. изд. : Homo Deus: a brief history of tomorrow / Y. N. Harari. - ISBN 978-601-7943-77-6
Оксфорд экономика сөздігі

65я21
Б 62

Блак, Д.

Оксфорд экономика сөздігі [Мәтін] : ғылыми басылым / Джон Блак, Нигар Хашимзаде, Гарет Майлз. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 607 б. - (Рухани жаңғыру). - Пер. изд. : Adictionary of economics (Oxford Quick Referens) / J. Black, N. Hashimzade, M. Myles. - Fifth ed. - ISBN 978-601-7943-75-2
Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі

60.5я21
О-50

Оксфорд әлеуметтік ғылымдар сөздігі [Мәтін] : ғылыми басылым / ред. басқарған Крейг Калхун. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 479 б. - (Рухани жаңғыру). - Библиогр.: с. 439-478. - Пер. изд. : Dictionary of the social sciences. - 2002. - ISBN 978-601-7943-74-5
Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі

81.632.4-4
Қ 17

Қазақ тілінің кірме сөздер сөздігі [Мәтін] : ғылыми басылым / құраст. Ш. Құрманбайұлы [ж.б.]. - Нұр-Сұлтан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 596 б. - (Рухани жаңғыру). - ISBN 378-601-7943-72-1
Предпринимательство: теория, процесс, практика

65.9(2)09я73
К 93

Куратко, Д. Ф.

Предпринимательство: теория, процесс, практика [Текст] : учебник / Дональд Ф. Куратко. - 10-е изд. - Нур-Султан ; Алматы : Национальное бюро переводов, 2019. - 513 с. : табл. - (Рухани жаңғыру). - Библиогр. в конце разд. - Пер. изд. : Entrepreneurship: theory, process, practice / Donald F. Kuratko. - 10th ed. - 2017. - ISBN 978-601-7943-68-4
Переосмысление педагогики для цифровой эпохи. Дизайн обучения XXI века

74.00я73
Б 66

Битэм, Х.

Переосмысление педагогики для цифровой эпохи. Дизайн обучения XXI века [Текст] : учебник / Хелен Битэм, Рона Шарп. - 2-е изд. - Нур-Султан ; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 351 с. : рис. - (Рухани жаңғыру). - Библиогр. в конце глав. - Пер. изд. : Rethinking pedagogy for a digital age. Designing for 21st century learning / Helen Beetham, Rhona Sharpe. - Second Ed. - London ; New York. - ISBN 978-601-7943-70-7 : Б.ц. тг.
Прил.: с.325-351
Международное право

67.91я73
Ш 81

Шоу М.Н.

Международное право [Текст] : учебник / Малкольм Н. Шоу. - 8-е изд. - Нур-Султан; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - . - (Рухани жаңғыру).

Т.2. - 2019. - 715 с. - Библиогр.: с. 692-715. - Пер. изд. : International law / M. N. Shaw. - Eighth ed. - ISBN 978-601-7943-67-7
Международное право

67.91я73
Ш 81

Шоу М. Н.

Международное право [Текст] : учебник / Малкольм Н. Шоу. - 8-е изд. - Нур-Султан; Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - . - (Рухани жаңғыру).

Т.1. - 2019. - 639 с. - Библиогр.: с. 618-639. - Пер. изд. : International Law / M. N. Shaw. - Eighth ed. - ISBN 978-601-7943-71-4
Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен.

Ли Э. П.

Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. П. Ли. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 304 б. - ISBN 978-601-7943-18-9 : Б.ж.

Аннотация

Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?» – деген ой үстінде болады. Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген. Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек.

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу

ДиМатео Л.

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу [Мәтін] : ғылыми басылым / Л. ДиМатео. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 680 б. - ISBN 978-601-7943-31-8 : Б.ж.

Аннотация

Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы. Оқулық бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық прициптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен қатар, пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.
 

Халықаралық құқық, 1-ші т.

Шо М.

Халықаралық құқық [Мәтін] : ғылыми басылым / М. Шо. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 584 б.

1-ші т. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-19-6 : Б.ж.

Аннотация

Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді.

Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Халықаралық құқық, 2-ші т.

Шо М.

Халықаралық құқық [Мәтін] : ғылыми басылым / М. Шо. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 624 б.

2-ші т. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-47-9 : Б.ж.

Аннотация

12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары,   шарттардың  құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды.
Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Ориентализм

Саид Э. У.

Ориентализм [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. У. Саид. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 328 б. - ISBN 978-601-7943-35-6 : Б.ж.

Аннотация

Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Орта және Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт көзқарасын сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады.
Бұл кітап гуманитарлық білімге  өзгеше  ықпал  жасап, постколониалдық  зерттеулерге  негіз салды. «Батысқа өзін өзгелерден ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», – дейді автор.
Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.

Семиосфера

Лотман Ю. М.

Семиосфера: ғылыми басылым / Ю. М. Лотман. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 640 б. - ISBN 978-601-7943-34-9 : Б.ж.

Аннотация

Теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін "Семиосфера". Бұл кітап оны Мәскеу-Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты.  Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза бойынша қарастыруды ұсынады. Солымен қатар, семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіріп кетті.
"Семиосфера" студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылықты танытатын барлық зерттеулер қатарына арналған.