100 KITAP

Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу

Гэмбл Д. Э.

Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу [Мәтін] : оқулық / Д. Э. Гэмбл, М. А. Питереф, А. А. Томпсон ; Ұлттық аударма бюросы. - 5-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 534 б. - (Рухани жаңғыру . Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - Пер. изд. : Essentials of strategic management: the quest for competitive advantage / J. E. Gamble, M. A. Peteraf, A. A. Thompson. - 5th ed. - ISBN 978-601-7943-36-3 : Б.ж.

Аннотация

Оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің   қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді.
5-басылым академиялық салада, менеджмент тәжірибесінде қолдануға лайық, оқытушыға арналған тың әдістеме ұсынады. Жалпы менеджмент саласына қызығатын оқырман үшін аса құнды, қажет еңбек. Сонымен қатар қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Маркетинг негіздері

Котлер Ф.

Маркетинг негіздері [Мәтін] : ғылыми басылым / Ф. Котлер. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 736 б. - ISBN 978-601-7943-39-4 : Б.ж.

Аннотация

«Маркетинг негіздері» оқулығы маркетингті жоспарлау процесінен бастап, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты түбегейлі, егжей-тегжейлі қарастырады. Қазақ тіліне кейінгі 17-басылымы аударылып отыр.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, әлемдегі, елдегі, қала берді қала мен аудандағы оқиғалар мен өзгерістерге ілесіп отыру, оларды өз пайдасына жарату, соған бейімдеп кампания ұйымдастыру, нәтижесін қадағалау – маркетолог жұмысының әр сатысы, әр қадамы нақты мысалдармен, кейстермен бекітіліп сипатта- лады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

HR-менеджментке кіріспе

Уилтон Н.

HR-менеджментке кіріспе [Мәтін] : ғылыми басылым / Н. Уилтон. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 532 б. - ISBN 978-601-7943-32-5 : Б.ж.

Аннотация

Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам,  құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.
Қазақ тіліне бұл оқулықтың 3-басылымы аударылып отыр. Кітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент

Шиллинг, М. А.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент [Мәтін] : ғылыми басылым / М. А. Шиллинг. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 380 б. - ISBN 978-601-7943-48-6 : Б.ж.

Аннотация

Оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады. Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады. Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент тақырыбы біздің қоғам үшін тың дүние екені белгілі. Оқулық бизнес, инженерлік-технологиялық және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге, ұстаздарға, сондай-ақ жалпы стратегиялық менеджмент, инновациялық технология тақырыптарына қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

Интернет психологиясы

Уоллейс П.

Интернет психологиясы [Мәтін] : ғылыми басылым / П. Уоллейс. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-23-3 : Б.ж.

Аннотация

Киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.

Педагогиканы цифрлық дәуірде кайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны

Битэм Э.

Педагогиканы цифрлық дәуірде кайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. Битэм. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-29-5 : Б.ж.

Аннотация

Оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген     студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.

Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі

Шунк Д. Х.

Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі [Мәтін] : оқулық / Дейл Х. Шунк ; Ұлттық аударма бюросы. - 7-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 607 б. - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жана оқулық). - Пер. изд. : Learning Theories. An Educational Perspective / H.Schunk Dale. - Seventh ed. - Boston. - ISBN 978-601-7943-22-6 : Б.ж.

Аннотация

Еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған.  Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас

Бейнбриж Ж.

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас [Мәтін] : ғылыми басылым / Ж. Бейнбриж. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 592 б.- ISBN 978-601-7943-45-5 : Б.ж.

Аннотация

Кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа cаласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады. Кітаптың басты құндылығы – медиа маманы болуға талаптанған студентті  немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маман ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.

Әдебиет теориясы: Кіріспе

Райан М.

Әдебиет теориясы: кіріспе [Мәтін] : оқулық / Майкл Райан ; Ұлттық аударма бюросы. - 3-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 291 б. - (Рухани жаңғыру . Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - Пер. изд. : Literary theory a practical introduction / M. Ryan. - Third ed. - ISBN 978-601-7943-37-0 : Б.ж.

Аннотация

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын - орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиет теориясы: антология, 1-ші т.

Әдебиет теориясы: антология [Мәтін] : оқулық / Ұлттық аударма бюросы; ред.: Д. Ривкин, М. Райан. - 3-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019 - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - ISBN 978-601-7943-53-0

1-ші т. : 2019. - 568 б.- Пер. изд. : Literary Theory an anthology. - Third ed. - ISBN 978-601-7943-54-7(1-ші т.) : Б.ж.

Аннотация

Оқулықта структурализм, постструктурализм, лингвистика, нарратология, феноменология, эмпирикалық зерттеулер бағытындағы құнды пікірлер мен тың көзқарастар топтасқан. Сонымен қатар бұл еңбекте телевизиялық сериалдарды талдаудың айрықша зерттеу тәсілдері де сөз болады. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне,  магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиет теориясы: антология, 2-ші т.

Әдебиет теориясы: антология [Мәтін] : оқулық / Ұлттық аударма бюросы; ред.: Д. Ривкин, М. Райан. - 3-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019 - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - ISBN 978-601-7943-53-0.

2-ші т. - 2019. - 371 б. - Пер. изд. : Literary Theory an anthology. - Third ed. - ISBN 978-601-7943-55-4(2-ші т.) : Б.ж.

Анногтация

Кітап постструктурализм ағымын жан-жақты саралауға арналған философиялық толғамдарға және оның әдебиетпен, тіл білімімен, психологиямен арақатынасына арналады. Францияда пайда болып, АҚШ және неміс ғалымдарының зерттеулерінде көбірек көрініс тапқан постструктурализмнің қайнар көздері, оның жеке ағым ретінде өрістеуі әдебиеттегі трансгрессиялық, яғни бұзып-жару идеяларымен астарласа зерделенген. Жазу мен сөйлеудің байланысы, таңбаның классикалық теориясын жаңаша пайымдау, бейсаналық пен тіл, автор мен шығарма сияқты күрделі мәселелер кеңінен қозғалады. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман кауымға арналған.

 

Әдебиет теориясы: антология, 3-ші т.

Әдебиет теориясы: антология [Мәтін] : оқулық / Ұлттық аударма бюросы; ред.: Д. Ривкин, М. Райан. - 3-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019 - . - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - ISBN 978-601-7943-53-0.

3-ші т. - 2019. - 439 б. - Пер. изд. : Literary theory an anthology. - Third ed. - ISBN 978-601-7943-56-1(3-ші т.) : Б.ж.

Аннотация

Мемлекет пен идеология, тарихшылдық, тарих философиясы, құрылымдар, һабитус, ориентализм, отарлық, жаһандану, мәдени бірегейлік пен диаспора, аударма, эмпиризм, этика тәрізді ауқымды мәселелер теориялық тұрғыда жан-жақты зерделенеді. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениегганушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Әдебиет теориясы: антология, 4-ші т.

Әдебиет теориясы: антология [Мәтін] : оқулық / Ұлттық аударма бюросы; ред.: Д. Ривкин, М. Райан. - 3-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019 - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - ISBN 978-601-7943-53-0.

4-ші т. - 2019. - 450 б. - Пер. изд. : Literary theory an anthology. - Third ed. - ISBN 978-601-7943-57-8(4-ші т.) : Б.ж.

Аннотация

Оқулықта XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қазірге дейінгі әдебиет теориясының қалыптасуы, даму бағдары және оған ықпал еткен факторлар туралы жан-жақты түсінік беретін америкалық және еуропалық ғалымдардың эсселері топтастырылған. Олардың еңбектері бүгінгі қоғамдық, гуманитарлық және жаратылыстану пәндерінің арасындағы байланысты сан алуан қырынан қарастырылған. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

Тіл тарихы: Кіріспе

Янсон Т.

Тіл тарихы: Кіріспе [Мәтін] : ғылыми басылым / Т. Янсон. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019.-244 б. - ISBN 978-601-7943-21-9 : Б.ж.

Аннотация

Бұл кітапта ежелгі дүниеден тартып, уақыт ағысына ілесе отырып, бүгінгі күнді көктей өтіп, алыс болашаққа шолу жасайтын тілдердің жалпы даму тарихы баяндалады. Тілдер қалай қалыптасып, қалай жойылады, олардың тағдыры неліктен әрқилы деген мәселе, түптеп келгенде, тілдерді қолданатын халықтың тіршілігімен тікелей байланысты. Былайша айтқанда, тіл мен тарих – бір-бірімен сабақтаса байланысқан егіз құбылыс. Бұл еңбек ЖОО тарих, лингвистика және шет тілдері факультеттері студенттеріне оқулық ретінде арнайы жазылған.

Тіл - инстинкт

Пинкер С.

Тіл - инстинкт [Мәтін]: ғылыми басылым / С. Пинкер.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 386 б.- ISBN 978-601-7943-30-1: Б.ж.

Аннотация

Гарвард университетінің профессоры Стивен Пинкер – ғылыми зерттеулері мен еңбектері үшін түрлі марапаттар мен сыйлықтарға ие болған әлемге танымал ғалым. Зерттеушінің «Тіл – инстинкт» атты бұл кітабы қоғамда қызығушылық тудырғаны үшін Америка психология қауымдастығының және Америка лингвистика ұйымының сыйлығымен марапатталған. Бұл классикалық еңбек көпшілік ойындағы тілге қатысты сан түрлі сұраққа жауап береді. Оқулық жоғары оқу орындары студенттеріне, тіл біліміне және психологияға қызығушы көпшілікке арналған.

Panorama: дүниежүзі тарихы, 2-ші т.

Данн Росс Е.

Panorama: дүниежүзі тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Росс Е. Данн. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 492 б. - 2-ші т. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-50-9: Б.ж

Аннотация

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайды. Кітапта XVI ғасырдан бастап бүгінге күнге дейінгі тарих толық қамтылады. Екінші кітап үш бөлімнен тұрады және әр бөлімде адамзат тарихының даму жолы кезең-кезеңімен суреттеледі. Кітап – ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған.

Panorama: дүниежүзі тарихы, 1-ші т.

Данн Росс Е.

Panorama: дүниежүзі тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Росс Е. Данн. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 532 б. - 1-ші т. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978601-7943-51-6 : Б.ж

Аннотация

Адамзат пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейінгі дүниенің тарихи жолын кең ауқымда сипаттайды. Кітап Homo sapiens өкілінің жетілу, өсіп-өркендеу жолынан басталып, ХVI ғасырға дейінгі кемелдену тарихын толық қамтыған. Кітап – ең алдымен, ЖОО студенттеріне арналған.

Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-ші т. : Қазіргі заман философиясы

Кенни Э.

Батыс философиясының жаңа тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. Кенни. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 420 б.- 4-ші т. : Қазіргі заман философиясы. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-25-7 : Б.ж.

Аннотация

Бұл – философияның қайнар бастауынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының  төртінші томы. «Антика философиясы» деп аталатын алғашқы томында классикалық Грекия мен Римдегі ежелгі философия сипатталды. Төртінші томда ХХ ғасырдың соңғы жылдарына дейінгі аралықтағы философия қамтылады. «Қазіргі  заман философиясы» деп аталатын оқулық, негізінен, бакалавриат курсына арналған.

Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-ші т. : Қазіргі заман философиясының бастауы.

Кенни Э. 

Батыс философиясының жаңа тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. Кенни. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 412 б.- 3-ші т. : Қазіргі заман философиясының бастауы. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-24-0 : Б.ж.

Аннотация

Философияның түп-тамырынан қазіргі күнге дейінгі төрт томдық тарихының үшінші томы «The Rise of Modern Philosophy» – «Қазіргі заман философиясының бастауы» деп аталады. Бұл том әлемдік ой тарихының XVI ғасырдың басынан ХІХ ғасырдың алғашқы жылдарына дейінгі кезеңін қамтиды. Осы үшінші томда қамтылатын кезең философтары тұрақты құндылықтарды орнықтыра түсуге қомақты үлес қосты. Бұл том, ең алдымен, бакалавриаттың екінші және үшінші курстарына арналған.

Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы

28.7
Х 20

Харари, Ювал Hoah.

Sapiens: Адамзаттың қысқаша тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Ювал Hoah. Харари. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 368 б. : сур. - (Рухани жаңғыру). - Пер. изд. : Sapiens : a brief history of humankind / Yuval Noah Harari. - ISBN 978-601-7943-26-4