Menu Close

Кітапхананың құрылымы

♦ Кітапхана ресурстарын толықтыру және каталогтау бөлімі қорды қалыптастырумен айналысады; күнделікті толықтыру, қайта толықтыру, мерзімді басылымдарға жазылу, кітап айырбасын жүзеге асырады; кітапхана қорының жиынтық және жекелей есебін жүргізеді. Толықтырудың негізгі үрдістері автоматтандырылған: жекелей есепке алу, мерзімді басылымдарға жазылу, тіркеу есебін жүргізу. Кітапхананың құрылымдық бөлімдері үшін кітаптар мен басқа материалдарды жүйелеуді, каталогтауды және техникалық өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады; жаңа түскен басылымдарға электронды каталогтың ДБ қалыптастырады; кітапхананың бас каталогын ұйымдастырады, жүргізеді, саралайды; оқу кітапханаларының ведомстваға қарасты жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларының каталогтарымен жұмыстарына әдістемелік басшылықты жүзеге асырады. Бөлім қызметкерлері студенттер үшін кітапханалық-библиографиялық білім негіздері бойынша сабақтар өткізеді.

♦ Электрондық ресурстар бөлімі негізгі кітапханалық процестерді автоматтандыруды программалық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ретроспективті қорға электронды каталогтың деректер базасын құрады; кітапхананың электрондық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асырады: тақырыптық толық-мәтінді деректер базаларын, университеттің электрондық кітапханасын құрады, сырттан толықмәтінді деректер базаларын («Заң», «Юрист», «EBSCO Publishing», «Elsevier», «Science» және т.б.) алады, CD-ROM, аудио-бейнекөру құжаттар қорын қалыптастырады; электрондық ресурстарға, жерсеріктік теледидарлама мен Интернетке қатынауды ұсынады; құжаттарды электрондық жеткізуді ұйымдастырады; сервистік қызметтер көрсетеді. Бөлімнің құрылымына 8 электрондық ресурстар залы кіреді

  • электрондық ресурстар залы, бас корпус, 202 б.
  • электрондық ресурстар залы, №2-ші корпус, 403 б.
  • электрондық ресурстар залы, №3-ші ғимарат, 113 б.
  • электрондық ресурстар залы №4-ші ғимарат, 1-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №6-шы ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №8-ші ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №10-шы ғимарат, 2-ші қабат
  • электрондық ресурстар залы, №11-ші ғимарат, 1-ші қабат

♦ Қызмет көрсету бөлімі күрделі құрылымнан тұрады.  Оқырмандарға 8 абонемент,10 оқу залы, 8 электрондық ресурстар залында қызмет көрсетіледі. Қызмет көрсету бөлімі оқу әдебиеттерін топтап беруді жүзеге асырады, оқу процестеріне көмекке кітап көрмелерін, ғылыми конференцияларға әдебиеттердің ашық көрмелерін, жаңа кітаптардың тұсаукесерлерін, ақпарат күндерін, кафедра күндерін, Дипломдық жұмыс жазушылар күндерін ұйымдастырады.

Оқу кітапханалары – бұл оқу, ғылыми, анықтамалық әдебиеттер, факультеттің бейініне қарай мерзімді басылымдар; 80 мың басылымнан астам көркем әдебиеттер; сирек кітаптар; шет тіліндегі әдебиеттер; электрондық ресурстар; электрондық каталог бойынша көпаспектілі іздеу; қызметтер көрсету: тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу, тізімдер құрау және саралау, библиографиялық анықтамаларды орындау, түнгі абонемент, ксерокөшірмелеу, үлдірлеу, түптеу.

Бас корпустағы  кітапхана

Мекен жайы: Университет көшесі, 28; т. 35-64-47
Каталогтар залы (2 қабат, 202 б.)
Электрондық ресурстар залы (2 қабат, 202 б.) 
Жалпы оқу залы (3 қабат, 302 б.) 

Заң және экономикалық ғылымдар бойынша оқу әдебиеттерінің абонементі

Мекен жайы: Университет көшесі, 28/а; (2 ғимарат, 2 қабат)

Математика және ақпараттық технологиялар, физика-техникалық факультеттерінің оқу кітапханасы 

Мекен жайы: Университет көшесі 28/а (2 ғимарат, 4 қабат)
Абонемент 
Электрондық ресурстар залы
Оқу залы

Биология-география факультетінің оқу кітапханасы

Мекен жайы: Университет көшесі 28/б (ғимарат 3, 2 қабат)
Абонемент
Электрондық каталог
Оқу залы
Оқытушыларға арналған оқу залы
Электрондық ресурстар залы (1- қабат, 113 б.)

Химия факультетінің оқу кітапханасы 

Мекен жайы: Мұқанов көшесі, 41, №6 (6 ғимарат , 2-қабат)
Абонемент
Электрондық каталог
Оқу залы

Филология, философия және психология факультеттерінің оқу кітапханасы

Мекен жайы: Мұқанов көшесі,1; (8 ғимарат)
Оқу әдебиеттерінің абонементі (2-қабат) 
Ғылыми әдебиеттер абонементі (2-қабат) 
Оқу залы (2-қабат) 
Электрондық ресурстар залы (2-қабат)

Гуманитарлық факультеттердің оқу кітапханасы 

Мекен жайы: Мұқанов көшесі,1 ( 9 ғимарат,1-қабат) 
Абонемент 
Оқу залы
Электрондық ресурстар залы (2- қабат)

Педагогика факультетінің оқу кітапханасы

Мекен жайы: Карбышев көшесі,7 (11 ғимарат, 1-қабат)
Абонемент 
Оқу залы
Электрондық ресурстар залы 

Тарих факультетінің оқу кітапханасы  

Мекен жайы: Гоголь көшесі, 38 (4 ғимарат, 1-қабат)

Абонемент

Оқу залы

Сирек кітаптар оқу залы

Электрондық ресурстар залы

 

♦ Желіні және электрондық каталогты басқару қызметі.

Кітапхана процестерін автоматтандырудың бағдарламалық және техникалық қамтамасыз етілуі. ЭК үздіксіз жұмысы, ДБ уақтылы өзектендіру. EC редакциялау. Кітапхана процестерін автоматтандыру мәселелері бойынша кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.