Кітапхананың электрондық ресурстары
ЭК-та Қараған -ды Бөкетов университеті кітапханасының қорына келіп түскен барлық басылымдар туралы мәліметтер бар. Онда барлық әдебиеттердің библиография-лық сипаттамасы берілген.
“Кiтаптар” каталогы – оқулықтар, ғылыми, көркем әдебиеттер, сонымен қатар библиографиялық көрсеткiштер туралы ақпараттарды жинақтайды.
“Мақалалар” каталогы – кiтапхана алатын мерзiмдi басылымдардың (газет-журналдар), жинақтардың мақалалары туралы мәлiметтердi жинақтайды.
“Электрондық кiтапхана” каталогы – университеттің профессор-оқытушыларының оқулықтары, дәрiстерi, бағдарламалары, тестiлерi, зертханалық жұмыстары және басқа оқу-әдiстемелiк жұмыстарының, кiтапхана қорындағы неғұрлым жиi сұралатын құнды басылымдардың, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ Хабаршысының, Интернеттегі оқу үдерісіне қажетті оқулықтар, ғылыми, анықтамалық басылымдардың толық мәтіндерінен тұрады.
“Авторефераттар мен диссертациялар” каталогы – ҚарУ ғылыми кiтапханасының қорына түскен диссертациялар мен диссертация авторефераттары туралы ақпаратты жинайды.
“Аудиовизуальдық және электрондық құжаттар” каталогы – СD-RОМ-дар мен аудио-бейне кассеталардағы оқу, ғылыми, ғылыми-танымдық, анықтамалық басылымдар туралы мәлiметтердi жинақтайды.
“Мерзiмдi баспасөз” каталогы – ҚарУ ғылыми кiтапханасы жазылған мерзімді басылымдар туралы деректердi жинақтайды.
“Оқу – әдістемелік кешен” каталогы – пәннiң мақсаты мен мiндетi, оның қысқаша мазмұны, әр сабақтың тақырыбы, ұзақтығы және қысқаша сипаттамасы; пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі; СӨЖ-ның тақырыбы мен тапсырмаларының тізбесі және т.б. жөніндегі негізгі оқу-әдістемелік құжаттар.
“Типтiк бағдарламалар” каталогы – әр пән бойынша оқылатын курстың сипаты, курстың қысқаша мазмұны, курстың мақсаты мен міндеттері; әрбір сабақтың ұзақтығы; студенттердің өз бетінше жұмыстарына (СӨЖ) тапсырмалар және т.б. енген программалар туралы ақпараттан тұрады.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің репозиториі ғылыми ізденістердің нәтижелерін жинақтау, ұзақмерзімге сақтау, сенімді ашық қатынауды қамтамасыз ету үшін құрылған және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті академиялық қоғамдастығының интеллектуалдық өнімдерімен байланысты институционалдық электрондық мұрағат болып табылады.
Қарағанды Бөктов университеті репозиториі Профессор-оқытушылар құрамының келесі материалдарынан тұрады: ғылыми мақалалар, оқу материалдары, кітаптар немесе кітаптар бөлімі, конференция материалдары.
Электрондық репозиторидің негізгі ерекшеліктері:
Ғылыми ізденістердің нәтижелеріне ашық түрде қатынауға мүмкіндік жасау;
Оқу және ғылыми жетілдірмелер мен материалдардың бір жерге топтастырылып жинақталуы.
Репозиторий ресустарын дамыту және пайдалану студенттер мен магистранттарға ғалымдарға пайдалы.
Репозиториді пайдаланудың артықшылығы :
Ғалымдар үшін:
- Зерттеулерге ғылыми сілтеме жасау индексінің көтерілуі;
- Ұзақ және үнемі сақталынуы;
- Авторлық құқықтың сақталынуы.
Студенттер мен магистранттар және де басқа пайдаланушылар үшін:
- ПОҚ-ның жаңа жетістіктері туралы ақпараттың алынуы;
- Ақпараттың жедел алынуы.
Университет үшін:
- Ғылыми қызметті қолдау;
- Рейтингті көтеру;
- Зерттеулерге еркін қатынау.
Мәліметтер базасына сілтеме