Бүгін сіздер университет табалдырығын алғаш рет студент ретінде аттап отырсыздар. Бұл, сіздер Қарағанды Бөкетов университетінің үлкен ұжымының толық құқылы мүшесі екендеріңізді білдіреді. Барлықтарыңызды осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз! Сіздерге, денсаулық, төзімділік, сәттілік тілейміз! Университет қабырғасында өткізілген жылдар сіздерді ақылды, нағыз интеллектуал, табиғат пен экология, әлем тарихы мен философия салаларын игерген жан-жақты, білікті маман болып шығуларыңызға үлкен үлес қосады. Университеттегі алатын білімдеріңіз – сіздердің мәдени, кәсіби және ғылыми өсуіңіздің бастапқы алаңына айналсын. Ақ жол!
Ізгі ниетпен: Ғылыми кітапхана