100 KITAP

Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен.

Ли Э. П.

Медиа этика. Жас мамандардың тәжірибесінен [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. П. Ли. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 304 б. - ISBN 978-601-7943-18-9 : Б.ж.

Аннотация

Бұл кітап студенттер мен жас мамандарға бұқаралық ақпарат құралдары саласында кездесетін этикалық мәселелерді шешу жолдарын көрсетуге арналған. Әрбір жағдаят кеңінен баяндалып, қатысушылар әрекеті арқылы жан-жақты ашылып көрсетіледі. Сондықтан оқырман «Мұндай жағдайда мен не істер едім?» – деген ой үстінде болады. Кіріспе материалда философиялық толғамдар мен теориялық тұжырымдарға, моральдық мәселелерге де орын берілген. Кітап – студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен оңтайлы ұштастырып, өмірде кездесетін тосын, күрделі мәселелерден жол тауып шығуға баулитын тағлымды еңбек.

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу

ДиМатео Л.

Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу [Мәтін] : ғылыми басылым / Л. ДиМатео. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 680 б. - ISBN 978-601-7943-31-8 : Б.ж.

Аннотация

Доктор Ларри Алан ДиМаттеоның бизнес факультеті студенттеріне арналған «Халықаралық бизнес құқығы және заңнамалық орта: транзакциялық тұрғыдан зерделеу» оқу құралының үшінші басылымында халықаралық деңгейде бизнес жүргізудің түрлі жолдары жан-жақты қарастырылады. Бұл кітап болашақ кәсіпкерлер мен заңгерлерге ғана емес, сонымен бірге халықаралық сауда-саттық мәселелеріне қызығушылық танытатын оқырманға пайдалы. Оқулық бизнес факультеті студенттерінің халықаралық деңгейде бизнес жүргізуді реттейтін құқықтық прициптерді түсінуіне жол ашады. Бұл кітап заңның сақталуы ғана емес, сонымен қатар, пайда және бәсекелік артықшылықты қалыптастыру үшін заңды қалай қолдану керектігін ерекшелеп көрсетеді.
 

Халықаралық құқық, 1-ші т.

Шо М.

Халықаралық құқық [Мәтін] : ғылыми басылым / М. Шо. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 584 б.

1-ші т. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-19-6 : Б.ж.

Аннотация

Халықаралық құқықтың пайда болуы мен дамуындағы философиялық, әлеуметтік көзқарастар, халықаралық сот процестері мен трибуналдардың қызметтері нақты мысалдар арқылы баяндалады. Халықаралық шарттардың түрлері, шарт талаптары мен міндеттемелері туралы жан-жақты мәлімет қамтылған. Адам құқығын халықаралық деңгейде қорғау, жеке тұлғаның қылмыстық жауапкершілігі, мемлекеттің аумағы және теңіз құқығы тақырыбында мол мағлұмат береді.

Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Халықаралық құқық, 2-ші т.

Шо М.

Халықаралық құқық [Мәтін] : ғылыми басылым / М. Шо. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019 - 624 б.

2-ші т. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-47-9 : Б.ж.

Аннотация

12 тараудан тұратын екінші кітапта халықаралық құқықтағы юрисдикция, иммунитет, мемлекеттердің жауапкершілігі, мемлекеттердің мұрагерлігі, дауларды бейбіт шешу жолдары,   шарттардың  құқықтары мен міндеттері жөнінде мол мағлұмат қамтылған. Автор Халықаралық сот, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Қауіпсіздік Кеңесі мен басқа да халықаралық ұйымдардың құрылымы туралы мәлімет келтіре отырып, олардың қызметін нақты мысалдар арқылы баяндайды.
Сегізінші басылымнан қазақ тіліне аударылған бұл оқулық заң факультетінің студенттеріне, халықаралық құқық саласын зерттеуші мамандар мен оқытушыларға, аталған ғылымға қызығушылық танытатын оқырман қауымға арналған.

Ориентализм

Саид Э. У.

Ориентализм [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. У. Саид. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 328 б. - ISBN 978-601-7943-35-6 : Б.ж.

Аннотация

Эдуард Уади Саид «Ориентализм» деп аталатын зерттеуінде ориентализмнің пайда болуын Еуропаның Орта және Таяу Шығыста ғасырлар бойы үстемдік етуімен байланыстырады. Батыстың Шығыс әлемін қабылдаудағы біржақты әрі үстірт көзқарасын сынға алып, жан-жақты талдау ұсынады.
Бұл кітап гуманитарлық білімге  өзгеше  ықпал  жасап, постколониалдық  зерттеулерге  негіз салды. «Батысқа өзін өзгелерден ерекшелеу үшін оған қарама-қарсы әлем керек болды. Батыс ол үшін Шығысты пайдаланды, өзіне тиімді түсінікті қалыптастыруға күш салды», – дейді автор.
Бұл ауқымды еңбек студенттермен қатар Батыс пен Шығысқа жаңаша қарағысы келетін барша оқырманға арналған.

Семиосфера

Лотман Ю. М.

Семиосфера: ғылыми басылым / Ю. М. Лотман. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 640 б. - ISBN 978-601-7943-34-9 : Б.ж.

Аннотация

Теориясы мен методологиясын, семиосфера құрылымы мен ерекшеліктерін нақты мысалдармен түсіндіретін "Семиосфера". Бұл кітап оны Мәскеу-Тарту семиотика мектебі мен универсал семиотика теориясының негізін салушы ретінде әлемге танытты.  Семиотика кеңістігін түгелдей бүтін бір жүйе немесе ағза бойынша қарастыруды ұсынады. Солымен қатар, семиосфераны сипаттайтын белгілерді, олардың қызметін, семиотикалық процестер мен семиозис құбылысын түсіндіріп кетті.
"Семиосфера" студенттер мен педагогтарға, мәдениет тарихына, тіл мен әдебиет мамандарына және мәдениеттің сан қатпарлы құбылыстарына қызығушылықты танытатын барлық зерттеулер қатарына арналған.

Өнер тарихы

Гомбрих Э. Х

Өнер тарихы [Мәтін] : ғылыми басылым / Э.Х Гомбрих . - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 680 б. - ISBN 978-601-7943-33-2 : Б.ж.

Аннотация

Австрия және ағылшын тарихшысы, беделді өнертанушы Эрнст Гомбрихтің «Өнер тарихы» алғаш рет 1950 жылы басылған. Содан бері әлемдік бестселлерлер қатарында аталатын, Өнер тарихына арналған еңбектердің ішіндегі ең танымалы саналатын туынды 16 мәрте қайта басылып, әлемнің 30 тілінде 8 миллион данамен таралған. Кітапта тасқа салынған ежелгі кескіндерден бастап, қазіргі кезеңге дейінгі өнер тарихына жан-жақты шолу жасалады. Жас оқырманға арналып жазылған «Өнер тарихы» – оқушылар мен студенттерді аталған пәнмен таныстыратын кіріспе оқулық әрі өнерге қызығушы көпшілікке тартымды ғылыми танымдық еңбек.

Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері

Трагер Р.

Дипломатия: коммуникация және халықаралық тәртіп негіздері [Мәтін] : оқулық / Роберт Трагер ; Ұлттық аударма бюросы. - Алматы : Дәуір, 2019. - 255 б. - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - Пер. изд. : Diplomacy: Communication and the Origins of International Order / R. F. Trager. - ISBN 978-601-7943-28-8 : Б.ж.

Аннотация

Бұл кітабында дипломатиялық амал-тәсілдердің халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі қарастырылады. Автор жабық есік жағдайындағы әңгімелесудің халықаралық тәртіп орнату мен соғыстардың басталуына қалай түрткі болатынын ойын теориясына сүйеніп, нақты тарихи мысалдар көмегімен ашып көрсетеді.
Бұл еңбекке Британ империясының көпжылдық дипломатиялық байланыстар тарихынан сыр шертетін «Құпия жазбалар» деген атпен белгілі мұрағат деректері арқау болған.
 Бұл зерттеудің теориялық-эмпирикалық әдістемесінен туындаған тұжырымдардың оқырманға ой салары сөзсіз.

Ұйымдық мінез-құлық негіздері

Роббинс С. П.

Ұйымдық мінез-құлық негіздері [Мәтін] : оқулық / С. П. Роббинс, Т. А. Джадж ; Ұлттық аударма бюросы. - 14-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 487 б. - (Рухани жаңғыру . Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - Библиогр.: 429-487 б. . - Пер. изд. : Essentials of Organizational Behavior / S. P. Robbins, T. A. Judge. - Fourteenth ed. - ISBN 978-601-7943-20-2 : Б.ж.

Аннотация

Ұйымның өзегі – қызметкер. Қызметкерлердің мінез-құлқы әр алуан, әр адам жеке тұлға екенін ескеріп, оның тұлғалық ерекшелігі мен қызметі, ұйымның дамуына қосатын үлесі арасындағы байланысты басқару аса маңызды. Қарамағындағы қай қызметкер қандай мінез-құлық көрсететінін, ол жалпы ұжымның қызметіне қалай әсер етіп, ұйымның табысқа жетуіне немесе кері ықпал ететінін білу – әр басшының, әсіресе HR-менеджердің міндеті. Ұжымды дұрыс басқару, қызметкерлер мотивациясын арттыру, оған кері әсер ететін кертартпа элементтерді анықтау, олармен жұмыс істеу, үздік мінез-құлық үлгілерін анықтап, оларды ынталандыру – психология, әлеуметтану және менеджмент тоғысындағы ілімді меңгеруді талап ететін күрделі жұмыс. 14-ші басылым  қазақ тіліне аударылған.
Кітап менеджмент мамандығы бойынша білім алатын студенттерге, оқытушыларға және осы салаға қызығушылық танытатын көпшілік оқырман қауымға арналады. Сондай-ақ MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Қазіргі бизнес-коммуникация

Бове К.

Қазіргі бизнес-коммуникация [Мәтін] : ғылыми басылым / К. Бове. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 736 б. - ISBN 978-601-7943-46-2 : Б.ж.

Аннотация

Коммуникация саласының белгілі мамандары ұсынған қолыңыздағы кітапта бизнес-коммуникацияға қатысты маңызды мәселелер, практикалар мен ұсыныстар кең ауқымда талқыланған. Бұл кітаптың 14-басылымы болғандықтан, қалыптасқан дәстүр жалғасып, оқытуды жеңілдетуге, белсенді  білім алуға мүмкіндік беретін, сыни тұрғыда ойлануды жетілдіруге қажет теңдессіз механизмдер жиынтығы енгізілген. Әр тараудағы оқыту мақсатының нақтылығы студенттерді материалды қабылдауға дайындап, тараудың мазмұнын қалыптастыруға негіз болады. Сонымен қатар, медиа, хат, ұсыныс, аудиторияға бейімделу, клиент тарту, оларға көңіл бөлу, жарнама, презентация, резюме, сұхбат туралы тарқатылып, бизнес әлемінде коммуникацияның алар орны ерекше екені кеңінен баяндалған. Кітап менеджмент, PR, коммуникация мамандығында оқитын студенттерге, кеңседе жұмыс істеуге қажет маңызды іскерлік дағдыларды қалыптастырғысы келген оқырмандарға, бизнес-карьераға қызығушылығы бар көпшілікке арналған.

Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке

Хилл Ч.

Халықаралық бизнес: Жаһандық нарықтағы бәсеке [Мәтін] : ғылыми басылым / Ч. Хилл. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 720 б. - ISBN 978-601-7943-44-8 : Б.ж.

Аннотация

Оқулықта халықаралық нарықтағы бәсекенің қыр-сыры терең зерттеліп, жаһандық және аймақтық мәселелер тең дәрежеде қарастырылған. Жаһандық капитал нарығының тарихы, әлемдік нарықтағы құқықтық жүйенің қызметі, жаһандық сауда және инвестиция ағындары, халықаралық бизнестің құрылымы мен стратегиясы, қаржы менеджменті, халықаралық бизнес функциялары егжей-тегжейлі талқыланған. Оқулық халықаралық бизнестегі кәсіпорындарға ұтымды стратегиялық шешімдер ұсынады. Бұл –  «Халықаралық бизнес» оқулығының 12-басылымы. Оқулық экономика, халықаралық қатынастар, халықаралық бизнес, саясаттану мамандықтарының студенттері мен оқытушыларына, экономика тақырыбында жазатын журналистерге, осы салаға қызығатын қалың оқырманға арналған.

Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу

Гэмбл Д. Э.

Стратегиялық менеджмент негіздері: бәсекелік артықшылыққа ұмтылу [Мәтін] : оқулық / Д. Э. Гэмбл, М. А. Питереф, А. А. Томпсон ; Ұлттық аударма бюросы. - 5-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 534 б. - (Рухани жаңғыру . Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - Пер. изд. : Essentials of strategic management: the quest for competitive advantage / J. E. Gamble, M. A. Peteraf, A. A. Thompson. - 5th ed. - ISBN 978-601-7943-36-3 : Б.ж.

Аннотация

Оқулығы стратегиялық менеджмент принциптері мен талдау тәсілдеріне концептуалдық тұрғыда маңызды әрі мазмұнды әдістеме жасап ұсынған. Студенттерді қазіргі заманғы стратегиялық менеджменттің   қыр-сырына баулитын ең озық түрлеріне, үздік әдіс-тәсілдеріне жан-жақты талдау, зерттеу жүргізеді.
5-басылым академиялық салада, менеджмент тәжірибесінде қолдануға лайық, оқытушыға арналған тың әдістеме ұсынады. Жалпы менеджмент саласына қызығатын оқырман үшін аса құнды, қажет еңбек. Сонымен қатар қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Маркетинг негіздері

Котлер Ф.

Маркетинг негіздері [Мәтін] : ғылыми басылым / Ф. Котлер. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 736 б. - ISBN 978-601-7943-39-4 : Б.ж.

Аннотация

«Маркетинг негіздері» оқулығы маркетингті жоспарлау процесінен бастап, тұтынушы мен сатушы арасындағы байланысты түбегейлі, егжей-тегжейлі қарастырады. Қазақ тіліне кейінгі 17-басылымы аударылып отыр.
Тұтынушы үшін құндылық қалыптастыру, тұтынушы тарту, оны ұстап тұру, тұтынушыны қандай да бір брендтің клиентіне айналдыру жолдары мен тәсілдері, әлемдегі, елдегі, қала берді қала мен аудандағы оқиғалар мен өзгерістерге ілесіп отыру, оларды өз пайдасына жарату, соған бейімдеп кампания ұйымдастыру, нәтижесін қадағалау – маркетолог жұмысының әр сатысы, әр қадамы нақты мысалдармен, кейстермен бекітіліп сипатта- лады.
Кітап экономика, маркетинг, менеджмент, қаржы мамандықтарында оқитын студенттерге, оқытушыларға, осы тақырыпқа қызығушылық танытатын оқырмандарға арналған.

HR-менеджментке кіріспе

Уилтон Н.

HR-менеджментке кіріспе [Мәтін] : ғылыми басылым / Н. Уилтон. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 532 б. - ISBN 978-601-7943-32-5 : Б.ж.

Аннотация

Кез келген ұйымның басты байлығы – адам ресурсы. Ұйым қызметінің нәтижелі болуы, табысқа жетуі де осы ресурсты қалай басқарып, қалай бағыттап, ынталандырып отыруына байланысты. Адам ресурстарын басқару – HR-менеджменттің табыстылығы әр қызметкерді тұтас механизмнің бір бөлшегі ғана емес, жеке адам,  құндылықтары, мінезі, өмірлік тәжірибесі, арманы мен мақсаты бар дара тұлға деп қабылдаудан басталады.
Қазақ тіліне бұл оқулықтың 3-басылымы аударылып отыр. Кітап менеджмент мамандығында білім алатын студенттерге, оқытушыларға, жалпы оқырман қауымға арналады және қазақ тіліндегі MBA курсының негізгі оқулықтарының бірі ретінде ұсынылады.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент

Шиллинг, М. А.

Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент [Мәтін] : ғылыми басылым / М. А. Шиллинг. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 380 б. - ISBN 978-601-7943-48-6 : Б.ж.

Аннотация

Оқулығында инновациялық менеджмент стратегиялық процесс ретінде қарастырылады. Стратегиялық менеджмент процесін нақты көрсету үшін бәсеке динамикасы, бағалау стратегиясын қалыптастыру және стратегияларды жүзеге асыру мән-жайы автордың соңғы онжылдықтағы зерттеу жұмыстары негізінде жан-жақты баяндалады. Технологиялық инновациялардағы стратегиялық менеджмент тақырыбы біздің қоғам үшін тың дүние екені белгілі. Оқулық бизнес, инженерлік-технологиялық және басқа да мамандықтар бойынша білім алып жатқан студенттерге, ұстаздарға, сондай-ақ жалпы стратегиялық менеджмент, инновациялық технология тақырыптарына қызығатын көпшілік оқырманға арналған.

Интернет психологиясы

Уоллейс П.

Интернет психологиясы [Мәтін] : ғылыми басылым / П. Уоллейс. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-23-3 : Б.ж.

Аннотация

Киберкеңістіктің психологиялық қырлары, интернеттің адам мінез-құлқына әсері туралы күрделі мәселелерді қарастырады. Екінші басылым классикалық және заманауи зерттеулерге сүйене отырып, интернет технологиясындағы жаңа үрдістерді – онлайн-танысу, онлайн-агрессия, топтық динамика, бала тәрбиесі, проәлеуметтік мінез-құлық, онлайн ойындар, құпиялық және бақылау, желіге тәуелділік пен желіні қалыптастырудың стратегияларын зерттейді. Оқулық жоғары оқу орнының студенттеріне де, жалпы психология мен интернет психологиясына қызығушылығы бар кез келген оқырманға да таптырмас көмекші құрал бола алады.

Педагогиканы цифрлық дәуірде кайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны

Битэм Э.

Педагогиканы цифрлық дәуірде кайта зерделеу. XXI ғасырдағы оқыту дизайны [Мәтін] : ғылыми басылым / Э. Битэм. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - ISBN 978-601-7943-29-5 : Б.ж.

Аннотация

Оқулықта ХХІ ғасырдағы педагогиканың дамуы, оқытуды жеке тұлғаға бейімдеу, қолжетімді әрі тиімді жоспарлау мен оны жүзеге асыруға бағытталған жобалар қарастырылады. Оқу қызметін электрондық және мобильді технологиялар контексінде зерттей отырып, авторлар білім берудің техно-бағдарлы болашағын кеңінен баяндайды. Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алып жүрген     студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналған.

Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі

Шунк Д. Х.

Оқыту теориясы. Білім беру көкжиегі [Мәтін] : оқулық / Дейл Х. Шунк ; Ұлттық аударма бюросы. - 7-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 607 б. - (Рухани жаңғыру. Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жана оқулық). - Пер. изд. : Learning Theories. An Educational Perspective / H.Schunk Dale. - Seventh ed. - Boston. - ISBN 978-601-7943-22-6 : Б.ж.

Аннотация

Еңбекте оқыту туралы негізгі теориялық принциптерге, концептілер мен ғылыми-зерттеу нәтижелеріне жаңаша көзқарастар ұсынылады және оны заманауи мектептерде қолдану мәселесіне баса назар аударылады. Басылымда технологияға қатысты бөлімдер, әсіресе контекстік әсерлердің маңызын ашатын тақырып тың зерттеу жаңалықтарымен толықтырылған.  Оқулық педагогика, психология мамандықтары бойынша білім алушы студенттерге, магистранттарға және осы салаға қызығушылық танытушы барша зерттеушілерге арналады.

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас

Бейнбриж Ж.

Медиа және журналистика: теория мен практикаға жаңа көзқарас [Мәтін] : ғылыми басылым / Ж. Бейнбриж. - Алматы : Ұлттық аударма бюросы, 2019. - 592 б.- ISBN 978-601-7943-45-5 : Б.ж.

Аннотация

Кәсіби журналистиканың қалыптасу тарихынан бастап, қоғамның қозғаушы күшіне айналған медиа cаласындағы соны өзгерістерді талдаған құнды еңбек. Әлемнің озық жоғары оқу орындары таңдаған кітаптың үшінші басылымы медиа мен журналистиканың өзара байланысына қызығушылық танытқан кез келген оқырман көңілінен шығады. Кітаптың басты құндылығы – медиа маманы болуға талаптанған студентті  немесе әуесқой блогерді журналистиканың негізгі принциптеріне баулиды. Ақиқатты айту, халықтың ақпаратты білу құқығын құрметтеу этикасынан бөлек медиа маман ретінде қоғам игілігіне адал қызмет ету жолдарын көрсетеді.

Әдебиет теориясы: Кіріспе

Райан М.

Әдебиет теориясы: кіріспе [Мәтін] : оқулық / Майкл Райан ; Ұлттық аударма бюросы. - 3-ші басылым. - Алматы : Дәуір, 2019. - 291 б. - (Рухани жаңғыру . Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық). - Пер. изд. : Literary theory a practical introduction / M. Ryan. - Third ed. - ISBN 978-601-7943-37-0 : Б.ж.

Аннотация

Бұл оқулықта әлемдік әдебиеттану ғылымының өзекті тақырыптары саналатын - орыс формализмі, жаһандану, таным, эмоция, эволюция, әдебиет сыны мен теориясының мақсаттары және олардың нейробиологиямен қарым-қатынасы сияқты аса ауқымды теориялық ұғымдар кеңінен және терең сараланған. Оқулық әдебиеттану мен лингвистика, сондай-ақ оларға іргелес гуманитарлық мамандықтардың студенттеріне, магистранттары мен докторанттарына, философтар мен мәдениеттанушыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.