“Математика – ғылымның жарық жұлдызы” көрме-көрсетілімі

2019 жылдың 12-ші маусымында “Математика, механика және информатиканың теориялық және қолданбалы мәселелері” атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында, физика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Ыбырайұлы Рамазановтың  70 жылдығының құрметіне арналған «Математика – ғылымның жарық жұлдызы» атауымен көрме-көрсетілім ұйымдастырылды. Көрмеде қазақстандық ғалымдардың кітаптары қойылды.

Ақпараттық траспаренттілік жолында

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университететі репозиториі – бұл ПОҚ  мен университет жас ғалымдарының  ғылыми жетістіктерін  ілгерілетудегі тиімді құрал болып табылады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап университет репозиторийі  Google Scholar жүйесінде индекстеледі.  Ай сайын унирверситеттердің институционалдық репозиторийлерінің әлемдік рейтингісі (http://repositories.webometrics.info/ мекен-жайына қатынауға болады)  құрылады.

3 курс студенттеріне арналған диплом жазушылар күні өтті

2019 жылдың 12 сәуірінде бас ғимараттың оқу залында экономикалық факультеттің 3 курс студенттеріне арналған диплом жазушылар күні өтті. Кітап-иллюстарциялық көрме ұйымдастырылып, электрондық ресурстарды пайдалану туралы, дипломдық жұмыс жазу басрысында әдебиеттер тізімін жасау және электрондық қаталог пен электрондық кітапханада тақырып бойынша іздестіру туралы ақпарат кеңестер берілді. Шараны кітапхана қызметкерлері – Әлмағамбетова Д.Р., Әбілмажинова Ш.Р., Егінбаева И.Т., Нәсіпова Д.А. ұйымдастырды.

Көрме-көрсетілім

Биология-география факультетінің оқу кітапханасында «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өмірі  - таусылмайтын хиқаят: 120 жыл» атты көрме-көрсетілім ұйымдастырылды. Көрмеде Қ.И.Сәтбаевтың еңбектері, ғалым туралы кітаптар мен мақалалар, конференция материалдары, альбомдар және тағы басқа басылымдар көрсетілді. Кітаптармен танысуға шақырамыз!

2019 жылдың 9 сәуірінде кітапхана 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күнін ұйымдастырды

2019 жылдың 9 сәуірінде кітапхана, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күнін ұйымдастырды. Студенттерге арналған оқу залында кафедралар тақырыптары бойынша кітап-иллюстрациялық көрме қойылды, электрондық ресурстарды пайдалану жөнінде, библиографиялық тізімдер мен сілтемелерді дұрыс сипаттау және электрондық каталог пен электрондық кітапханада тақырыпты іздестіру туралы кеңестер берілді.