Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы аясында жарық көрген еліміздің атақты жазушыларының көркем шығармалары  ағылшын, француз, қытай, испан, араб тілдеріне аударылып 18 аталыммен 36 данасы кітапханамызға келіп түсті. Бұл басылымдармен бас ғимараттың оқу залы және шет тілдер факультетінің оқу кітапханасында танысуға болады.