Image
2 курс

Академик Е.А.Бөкетов атындағы университеттің ғылыми кітапханасынада Ақпараттар күні өткізілді.Кітапхана қорына жаңадан келіп түскен  мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті заңгер, елші, Тәуелсіз Қазақстан Жоғарғы Сотының тұңғыш төрағасы, Қазақстан тарихында өзінің ерекше орны бар азамат  Тамас Айтмұхамбетұлының «Мәңгілік мұрат» атты заман мен қоғам, туған жері мен қазақ елі туралы ой-толғаныстары, бүгінгі қоғамның дертті тұстары, әсіресе желтоқсан көтерілісіне қатысты жүрекжарды сырлары туралы ашық та анық баяндалған екі тілдегі басылымы таныстырылды. Автор сот саласының өзекті мәселелерін қозғайды Ағамыздың кітабы студенттерге үлкен әсер қалдырды. Шараға заң факультетінің оқытушылары мен студенттері қатысып, 2-ші курстың үздік студенттеріне кітап сыйға тарту етілді.