Ғылыми кітапхана қоры бірегей басылыммен толықты

Обложка

Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбековтің жетекшілігімен, Бөкетов университетінің тарихшы, филолог ғалымдары – Зәуреш Сақтағанова, Қымбат Әбдірахманова, Айнаш Мустояпова, Лариса Харитонова, Жеңісгүл Ибраимова, Альфия Китибаева және тағы да басқа ғалымдардың құрастыруымен дайындалған «Орталық Қазақстандағы 1931-1933 жылдардағы ашаршылық: архивтік құжаттар мен естеліктер жинағы» Ұлыбританиядағы әлемге әйгілі «Springer Nature» баспасының еншілес ұйымы «Palgrave Macmillan» бас

Тарих факультетінің заманауи оқу кітапханасы

image

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультетінде заманауи үлгідегі оқу кітапханасы мен жастар орталығы ашылды. Факультет кітапханасы бұрын мұрағат алып жатқан орынға көшірілді. Кітапхана уақыт талабына сай жаңа технологиялармен жабдықталған. Кітапханадан университеттің көгалдандырылған ауласына шығып, оқырмандардың ашық аспан аясында дайындалуына мүмкіндік бар.

Кітапханада "тұсаукесер" рәсімі өтті

Nauryz

Бүгін ғылыми кітапханада наурыз мейрамымен бірге  әріптесіміз, көп балалы ана Асылбекова Дараның кенжесі Томирис балапанымыздың тұсау кесер тойы өтті. Басқан қадамың құтты болсын, жолың ақ болсын!!!

 

 

 

Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!

Nauryz

Наурыз мейрамы - көктем мейрамы және Орталық Азия халықтарының Жаңа жылы. Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Парсыша «наурыз» бірінші айдың бірінші күні дегенді білдіреді. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, шаруаның бір малы екеу болып, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз еліміздің зор ықыласпен тойланатын нағыз халықтық сипаттағы салтанатына айналды. Наурыз мейрамы аясында міндетті түрде атқарылатын рәсімдер баршылық.

Құттықтаймыз!

Айгерим

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде «Айдың үздік қызметкері» байқау қорытындысы бойынша ғылыми кітапхананың жетекші кітапханашысы Макачева Айгерім Күнғалиқызы сәуір айының үздік қызметкері атағын иеленді. Әріптесімізге  жаңа жетістіктер, шығармашылық идеялар мен кәсіби қызметте табыстар тілейміз. Жарайсың Айгерім!!!

Мерекелеріңіз құтты болсын!

9 мамыр

Ұлы Жеңіс аға ұрпақтың; Ұлы ерлігін мәңгілікке ел жадында сақтауға арналған ең қастерлі мереке; Отанға деген сүйіспеншілік аса қатығез сұрапыл соғыста жеңіске жол ашты. Біз әрқашанда Жеңіс күнін аға буынның Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің, жастарды ерлік пен патриотизм рухында тәрбиелеудің өлшеусіз өнегесі деп білеміз.

Диплом жазушылар күні!

7

2022 жылдың 10 - 18 наурыз аралығында  Е.А. Букетов атындағы  Қарағанды университеті  Ғылыми кітапханасы  барлық факультеттердің 3 курс студенттері үшін "Рефераттан курстық жұмысқа дейін, курстық жұмыстан дипломдық жұмысқа"атты диплом жазушылар күнін өткізуде.

Аяулы ханымдар!

8 mart

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің, әдеміліктің, иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, от басыларыңызға құт-береке тілейміз! Көктем мерекесі құтты болсын!

Wiley Баспа Компаниясы

Құрметті ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттер!

            Wiley Баспа Компаниясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, 2022 жылғы 5 қаңтар мен 31 наурыз аралығында американдық Wiley баспасының халықаралық дерекқорларға, толық мәтінді ғылыми журналдарға және Кокрейн кітапханасына (дәлелді медицина базасы) үш айлық сынақ мерзімі басталғанын хабарлайды.