Еуразияның ежелгі және қазіргі заманғы коммуникациялары бойынша маман, Халықаралық экспедициялардың белсенді қатысушысы және Орталық Азия елдеріндегі ЮНЕСКО сарапшысы Виктор Новоженов университет кітапханасына “Наскальные летописи золотой степи: Модель коммуникации населения в древности и средневековье” және «Наскальные летописи золотой степи: от Каратау до Алтая» кітаптарын сыйға тартты. Виктор Александрович Новоженов – тарих ғылымдарының кандидаты, археолог және шығыстанушы, біздің университеттің тарих факультетінің түлегі және 60-тан астам ғылыми мақалалар мен 6 монографиялардың авторы.
Кітап ҚР Білім және ғылым министрлігінің гранты аясында “Ежелгі және орта ғасырдағы Орталық Азия тұрғындары коммуникациясының моделін әзірлеу: дәстүрлер мен мәдениеттер диалогының өзара әрекеттестігі” зерттеу нәтижелері бойынша жазылған. Орталық Азия халықтарының тарихындағы дәуірлік қаһармандық және эпикалық оқиғалары туралы жартастардағы жұмбақ белгілер мен бейнелері ақпаратты берудің ежелгі тәсілдерінің бірі-жазудың бір түрі ретінде көрініс тапты. Оның көмегімен ата-бабалардың бұл жазбалары біздің заманымызға дейін салыстырмалы түрде тұтас және ғасырдар бойы өзгеріссіз күйінде жетіп отыр. Сонымен қатар, бұл тасқа жазылып жолданған белгілерді жүйелі түрде ғылыми тұрғыда зерттеу ғасырлар қойнауындағы ата-бабаларымыздың өміріндегі тарихи оқиғалар мен құбылыстарды, жұмбақ үңгірлердегі хабарламалардың құпиясын ашуға мәжбүр етеді. Ежелгі дәуірден бастап жалпы трансқұрлықтық еуразиялық коммуникацияның бөлігі бола отырып, кейінірек-Ұлы Жібек жолына айналған Еуразия даласының ежелгі халқы адамзат тарихының басталу кезеңінде және одан кейінгі тарихи кезеңдерде адамзаттың қалыптасуына үлкен үлес қосты.
Осы басылымның екінші томы халықаралық авторлар ұжымының,білікті мамандардың, ЮНЕСКО сарапшыларының монографиясы болып табылады және Қазақстандағы Қаратау жотасынан бастап Моңғолияға дейінгі Еуразия құрлығының далалары мен тау бөктерлерінің бейнелеу ескерткіштерін қамтиды. Бұл томның авторлары халықтың ұтқырлығы идеясын негіздеп, жергілікті дала қоғамдарының дамыған байланыс жүйелерін көрсетіп, олардың дамуына ілгерілеуге әкеледі.,сондай-ақ петроглифтерді сақтау, консервациялау және қалпына келтіру проблемасын көтереді.
Кітап қалың оқырманға –ежелгі тарих, археология, жартас өнері саласындағы мамандарға, туристік қызметті ұйымдастырушыларға, экскурсия жүргізушілерге, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, сондай-ақ Қазақстан мен Ұлы Даланың ежелгі тарихына қызығушылық танытқандарға арналады.