14 ақпан – халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл атаулы мейрам 2012 жылдан бері тойланып келеді. Адамдар бір-біріне құрмет пен сыйластықтың белгісі ретінде сыйлыққа кітап ұсынады.
Мейрамның шығу тарихы да ерекше. Кітап сыйлау мерекесі 2012 жылдан бері Эмми Бродмурдың бастамасымен халықаралық деңгейде тойланып келеді. Эмми Бродмур – әлеуметтік желіні белсенді қолданушы, блогер әрі 3 баланың анасы. Бір күні ұлы анасына дәл осы күні “Неге адамдар бір біріне ешқандай себепсіз кітап сыйлайтын күн жоқ?” деген сауал қояды. Ешқандай жауап таба алмаған Эмми осы күнді кітап сыйлау күні деп белгілеп, әлеуметтік желі арқылы мерекенің танымалдылығын арттыра бастайды. Нәтижесінде әлемнің түпкір-түпкірінен бір-біріне кітап сыйлайтын жандардың қатары көбейген. Қазіргі таңда мереке халықаралық деңгейге дейін жетті.