1 курс студенттеріне арналған ақпарат күндері

Ғылыми кітапхана 2021 жылдың 22-ші қарашасынан бастап 1 курс студенттеріне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Әлем таныған Қазақстан = Признанный миром Казахстан» атты Ақпарат күндерін өткізеді. Шара филологиялық, философия және психология, биологиялық-географиялық, химиялық және заң факультеттерінде өткізілді. Студенттерге тақырыптық тұсаукесерлер, ақпараттық хабарламалар, кітаптарға шолу, көрме көрсетілімдері ұйымдастырылып және электрондық ресурстарды оқу үрдісінде пайдалану туралы кеңестер берілді.