Сыйға тартылған басылым!

Кітапханаға биология ғылымдарының докторы, профессор Анатолий Федорович Ковшарьдың Птицы Тянь-Шаня (западной половины горной системы в пределах Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана). В 2 т. Т.1. Неворобьиные. -Алматы, 2019.-560 с. монографиясы сыйлыққа келіп түсті.

Жедел-ақпарат

Құрметті оқытушылар мен студенттер!

Кітапханада «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» Мемлекеттік бағдарламасы аясында  келіп түскен кітаптарға,басылымдар туралы түсініктеме мен суреттері берілген  жедел-ақпарат парақшалары дайындалған. Оқулықтар туралы ақпарат кітапхананың электронды каталогында https://webirbis.ksu.kz көрсетілген

Жедел-ақпарат кітапхананың барлық қызмет көрсету бөлімдерінде бар!

Жаңа басылымдардың көрмелері көрсетілген

Кітапхананың барлық оқу залдарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы арқылы келіп түскен жаңа басылымдардың көрмелері көрсетілген.

Көрмені көруге шақырамыз!

Жаңа кітаптардың тұсаукесері

Бас  ғимараттың оқу залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша  келіп түскен  басылымдардың тұсаукесері өткізілді. Шараға  экономика факультетінің профессор оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Оқырман билетін алуларынызды сұраймыз!

Құрметті бірінші курс студенттері!

Университет кітапханасына келіп, оқырман билетін алуларынызды сұраймыз! Ол үшін топ старостасы факультет кітапханасына тіркеліп, өз топ студенттерінің фотосын тапсыруы керек. Анықтама алу үшін мына телефондармен хабарласып: 35-64-47, 77-04-37, сұрақтарыныз болса төмендегі электрондық поштаға жібере аласыздар rootlib@ksu.kz

Құрметті оқытушылар

Құрметті оқытушылар, қымбатты студенттер!

Сіздерді Білім күнімен және оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!

Сіздерге ерекше көңіл-күй, жаңа жетістіктер, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек сәттілік тілейміз!

Құттықтау

             Қымбатты бірінші курс студенттері!

Бүгіннен бастап сіздер Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің студентісіздер. Сіздер үшін өмірдің жаңа парақшасы ашылғалы отыр.

             Білім ұясына қош келдіңіздер!

“Математика – ғылымның жарық жұлдызы” көрме-көрсетілімі

2019 жылдың 12-ші маусымында “Математика, механика және информатиканың теориялық және қолданбалы мәселелері” атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында, физика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Ыбырайұлы Рамазановтың  70 жылдығының құрметіне арналған «Математика – ғылымның жарық жұлдызы» атауымен көрме-көрсетілім ұйымдастырылды. Көрмеде қазақстандық ғалымдардың кітаптары қойылды.

Ақпараттық траспаренттілік жолында

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университететі репозиториі – бұл ПОҚ  мен университет жас ғалымдарының  ғылыми жетістіктерін  ілгерілетудегі тиімді құрал болып табылады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап университет репозиторийі  Google Scholar жүйесінде индекстеледі.  Ай сайын унирверситеттердің институционалдық репозиторийлерінің әлемдік рейтингісі (http://repositories.webometrics.info/ мекен-жайына қатынауға болады)  құрылады.