8 наурыз мейрамы құтты болсын!

8 mart

Аяулы ханымдар!

Сіздерді ару көктемнің мерекесі 8-наурыз халақаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Көктемнің гүліндей құлпырып, әсемдіктің және әдеміліктің иесі болып, бақытты да баянды өмір кешіңіздер. Дендеріңізге саулық, көңілдеріңізге шаттық, отбасыларыңызға құт береке, ауызбірлік пен тыныштық тілейміз!

 

 

Жаңа басылымдар

novie

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасынан, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» жобасы аясында жарық көрген еліміздің атақты жазушыларының көркем шығармалары  ағылшын, француз, қытай, испан, араб тілдеріне аударылып 18 аталыммен 36 данасы кітапханамызға келіп түсті. Бұл басылымдармен бас ғимараттың оқу залы және шет тілдер факультетінің оқу кітапханасында танысуға болады.

Ақын Мұқағали Мақатаев 90 жаста

mukagali

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғылыми кітапханасында   1 курс студенттеріне арналған Ақпарат күні өз жалғасын табуда. Филология факультетіндегі өткізілген шарада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Мұраты мықты Мұқағали»  атты көрме ұйымдастырылды. Студенттер көрмеге қойылған ақынның өмірі мен шығармашылығы жайындағы басылымдармен танысып, шараның соңында КФ-11 тобының студенті Толқымбек Қазбек ақынның махаббат тақырыбына арналған өлеңін оқыды. 

Құрметті оқырмандар!

nov

Сіздерді  Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Баршамыз жаңа 2021 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа  жыл Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сіздерге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

Бөкетов әлемі.

95 JYL
Бөкетов әлемі.           2020 жылдың наурыз айының 23-де Қарағанды университетінің бірінші ректоры, техника ғылымдарының докторы, ғалым, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетовтың туғанына 95 жыл.

Құттықтаймыз!

  Құттықтаймыз!

      Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 29 жыл толуына орай академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынды құттықтау сөзімен академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Басқарма төрағасы-ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков ашты. Білім орда басшысы профессор-оқытушылар құрамын, қызметкерлерді және білім алушыларды марапаттады.

Кітапхана қорына 23 атаумен 5152 дана оқу басылымдары келіп түсті.

Новое гуманитарное знание. 100 новых учебников на казахском языке

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті кітапханасына "Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы бойынша  қазақ тіліне аударылған  «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтар» жобасы аясында оқулықтар келіп түсуде. Жуырда кітапхана қорына 23  атаумен 5152 дана оқу басылымдары келіп түсті. Оқулықтарды Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша  «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры  дайындап ұсынды.

ҚР жоғары оқу орындары кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде онлайн вебинар өтеді.

   Назарбаев Университетінің кітапханасы 2020 жылдың 9 және 10 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары кітапханаларының қызметкерлері үшін "Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: басқару, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары"  атты  кітапханалық технологиялар мектебі (ШБТ) аясында өтетін вебинарға, кітапханашылардың біліктілігін арттыру бойынша жыл сайынғы іс-шараға қатысуға шақырады.

Абай Академиясы

Абай

Еуразия ұлттық университетінің ғылыми-зерттеу институтының жобасы аясында әлемдік деңгейдегі ақыл-ой алыбы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай академиясы» сериясымен шығарылған баға жетпес құнды басылымдары университетіміздің ғылыми  кітапханасына сыйға қабылданды.