“Математика – ғылымның жарық жұлдызы” көрме-көрсетілімі

2019 жылдың 12-ші маусымында “Математика, механика және информатиканың теориялық және қолданбалы мәселелері” атты халықаралық ғылыми конференциясы аясында, физика ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Ыбырайұлы Рамазановтың  70 жылдығының құрметіне арналған «Математика – ғылымның жарық жұлдызы» атауымен көрме-көрсетілім ұйымдастырылды. Көрмеде қазақстандық ғалымдардың кітаптары қойылды.

Ақпараттық траспаренттілік жолында

Рейтинг репозитория КарГУ

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университететі репозиториі – бұл ПОҚ  мен университет жас ғалымдарының  ғылыми жетістіктерін  ілгерілетудегі тиімді құрал болып табылады. Ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап университет репозиторийі  Google Scholar жүйесінде индекстеледі.  Ай сайын унирверситеттердің институционалдық репозиторийлерінің әлемдік рейтингісі (http://repositories.webometrics.info/ мекен-жайына қатынауға болады)  құрылады.

3 курс студенттеріне арналған диплом жазушылар күні өтті

День дипломника КарГУ

2019 жылдың 12 сәуірінде бас ғимараттың оқу залында экономикалық факультеттің 3 курс студенттеріне арналған диплом жазушылар күні өтті. Кітап-иллюстарциялық көрме ұйымдастырылып, электрондық ресурстарды пайдалану туралы, дипломдық жұмыс жазу басрысында әдебиеттер тізімін жасау және электрондық қаталог пен электрондық кітапханада тақырып бойынша іздестіру туралы ақпарат кеңестер берілді. Шараны кітапхана қызметкерлері – Әлмағамбетова Д.Р., Әбілмажинова Ш.Р., Егінбаева И.Т., Нәсіпова Д.А. ұйымдастырды.

Көрме-көрсетілім

Выставка КарГУ

Биология-география факультетінің оқу кітапханасында «Қаныш Имантайұлы Сәтбаев өмірі  - таусылмайтын хиқаят: 120 жыл» атты көрме-көрсетілім ұйымдастырылды. Көрмеде Қ.И.Сәтбаевтың еңбектері, ғалым туралы кітаптар мен мақалалар, конференция материалдары, альбомдар және тағы басқа басылымдар көрсетілді. Кітаптармен танысуға шақырамыз!

2019 жылдың 9 сәуірінде кітапхана 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күнін ұйымдастырды

День дипломника на математическом факультете. 9 апреля 2019 года.

2019 жылдың 9 сәуірінде кітапхана, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күнін ұйымдастырды. Студенттерге арналған оқу залында кафедралар тақырыптары бойынша кітап-иллюстрациялық көрме қойылды, электрондық ресурстарды пайдалану жөнінде, библиографиялық тізімдер мен сілтемелерді дұрыс сипаттау және электрондық каталог пен электрондық кітапханада тақырыпты іздестіру туралы кеңестер берілді.

9-шы ғимараттың оқу кітапханасында шетел тілдер факультетінің 3-ші курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді

День дипломника

2019 жылдың 8-ші сәуірінде 9-шы ғимараттың оқу кітапханасында шетел тілдер факультетінің 3-ші курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді. Кітапхана қызметкерлері – Әбдірейімова А.Қ., Макачева Ә.,Секербай Г. cтуденттерге кеңес берді. Шараға  шет тілді дайындық теориясы мен әдістемесі кафедрасының оқытушысы Төлеужан А.Т. қатысты.

Тарих факультетінің оқу кітапханасында тарих факультетінің 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді

2019 жылдың 29 наурызында  тарих факультетінің оқу кітапханасында тарих факультетінің 3 курс студенттеріне (ГИ-32, МО-32, АЭ-32) арналған Диплом жазушылар күні өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар кітапхана қызметкерлері – Дүйсембекова О.Ж., Әбілмәженова Ш.Р., Насипова Д.А.. Сонымен қатар шараға т.ғ.к., Археология , этнология және Отан тарихы кафедрасының доценті Абдрахманова Қ.Қ. қатысты.

Филология факультетінің қазақ және орыс топтарының 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді

День дипломника

2019 жылдың 28-ші наурызында филология факультетінің қазақ және орыс топтарының 3 курс студенттеріне арналған Диплом жазушылар күні өткізілді. Кітапхана қызметкерлері Әбілмәженова Ш.Р., Нәсіпова Д., Жүзбаева А., Әбдірейімова А., Мерхадинова Ш., Түспекова А., Әубәкірова Г.Д. студенттерге кеңес берді.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі  құтты болсын, бақыт әкелсін!

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі  құтты болсын, бақыт әкелсін!

        Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. 
        Наурыз - көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі. Ол - өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. 
        Әр отбасына тыныштық, татулық, береке-бірлік, бақыт тілейміз! Еліміз өркен жайып, Наурыз баршамызға ынтымақ пен сәттілік алып келсін!

Факультеттерде Диплом жазушылар күні өтті

День дипломника КарГУ

2019 жылдың 4-ші және 5-ші наурыз күндері биология және география мен химиялық факультеттерінің оқу кітапханаларында Диплом жазушылар күні өткізілді. Бағдарлама бойынша библиографтар мен электрондық ресрустар залдарының мамандарының (Әбдірейімова А.Қ. және Макачева А.К.) кеңестері беріліп, факультет ПОҚ (Шайбек А.Ж., Рақымжанова А.С. және Наушабекова Д.Д.) дайындаған арнайы  әдебиеттерге шолу жасалды.