Menu Close

Кітапханаға құнды тарту!

2021 жылдың 2-ші желтоқсанында Словакияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Милан Коллар Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде болды. Басқарма төрағасы – ректор Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбековпен кездесу барысында ғылыми кітапханаға Словакия туралы кітапты сыйға тартты. Кітапта Словакия Республикасының ескерткіштері мен табиғаты, оның ландшафты, тарихи қалалары, Биік Татра таулары, бекіністер мен қамалдар, халық сәулет өнері, шіркеулер, монастырлар, ұлттық парктері көрсетілген.