Құрметті  пайдаланушылар!

2019 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін Wiley баспасының журналдарына тестілік қатынауға мүмкіндік  ұзартылды.

John Wiley & Sons (қысқаша атауы – Wiley) – бұл әлемдегі ба трихы бар, ғылым, жоғары білім және бизнес саласы үшін шешімдердің үлкен топтамасы бар  көне академиялық (ғылыми) баспалардың бірі.

Баспа білімнің барлық саласы бойынша  материалдарды жариялайды. Қазіргі уақытта  компанияның  21 мыңнан астам ғылыми кітаптарға (жыл сайын  1000 тарта жаңа атауларды шығара отырып), 1600 ғылыми журналдарға (олардың ішінде әлемдік танымал және беделді басылымдардың саны үлкен), сонымен қатар энциклопедиялар мен  анықтамалықтарға, химия және медицина саласына байланысты ғылым ақпараттары бар  деректер базасына   (сонымен қатар Дәлелді медицинасының Кокрейн кітапханасы) құқығы бар. Баспаның ғылыми  мазмұны Wiley Online Library (www.onlinelibrary.wiley.com) платформасында  көрсетілген.

Баспа үйінің журналдарында Нобель сыйлығының 450-ден астам лауреаттарының жұмыстары жарияланды. Жыл сайын Wiley журналдары  мақалалардың сілтемелер саны  мен импакт-факторлардың жоғары көрсеткіштерін көрсетеді, көптеген жарияланымдар тиісті бағыттар бойынша рейтингтің бірінші қатарын алады.

Университеттегі тестілік қатынаудың аясында қазіргі уақытта жарияланған 1500-ден астам атаулары бар Wiley журналдарының ең көп жиынтығы қол жетімді болады. Сонымен қатар 1997 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 20 жылдан астам тарихы бар мұрағатталған мазмұнды қамтиды.  Журналдар қазіргі ғылымның барлық пәндік салалары бойынша тақырыптық қамтылған

Wiley  журналдарына 2019 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап 2019 жылдың 31-ші желтоқсан аралығында қатынауға мүмкіндік бар. Қатынауды кез-келген компьютерден университеттің ішкі интернет-желісі бойынша Wiley Online Library https://onlinelibrary.wiley.com/ платформасына өту арқылы  жүргізуге болады.