Интернет желісінде мақалалар мен кітаптардың толық мәтіні, патенттер бар Ашық электрондық кітапханалар көп. Cізге ғылыми жұмыстрыңызға қажеті болып қалуы мүмкін деген кейбір ашық электрондық кітапханаларды назарларыңызға ұсынамыз
Ресейлік ресурстар
Іргелі зерттеулердің Ресейлік қоры (ІЗРҚ)
Іргелі зерттеулердің Ресейлік қорының толық мәтінді электрондық кітапханасында ІЗРҚ көмегімен шыққан кітаптар, ІЗРҚ Хабаршысының(2002 жылдан бастап) шығарылымдары,Ресейлік және шетелдік авторлардың ғылыми-көпшілік мақалалары. http://www.rfbr.ru/rffi/ru/library мекен-жайы арқылы қатынауға мүмкіндік бар.
Ғылыми электрондық кітпхана. Оның негізгі мақсаты ғылым мен ғылыми қызметтің танымалдылығы, ғылыми жарияланымдардың сапасын бақылау, заманауи ғылыми резенция институтының дамуы, ресей ғылымын дамыту және дәйектемелерді жоғарылату болып табылады. КиберЛенинка білімді тарату үшін ашық қатынау(Open Access) моделін ұстанады, Creative Commons Attribution (CC-BY) лицензиясы арқылы электрондық түрде ғылыми жарияланымдарға тегін және тез қатынауды қамтамасыз етеді. Кітапханада барлығы 173 журнал бар. РФ ЖАК тізімінде бар журналдар-97, 82 мыңнан астам мақалалар. http://cyberleninka.ru/about мекен-жайы арқылы қатынауға мүмкіндік бар.
«Ашық білім беру ресустары» Ақпараттық технология лар бойынша ЮНЕСКО институты
Бұл адамның өздігінен білім алуға шектеусіз мүмкіндігі бар ақпараттың болуын қамтамасыз етеді, сондықтан да оқу үдерісін ақпараттандыру және коммуникация құралдарымен жабдықтау студенттің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – ашық білім беру кеңістігіне шығудың басты бағыты болып табылатын институт ЮНЕСКО-ның бірегей ұйымы. .http://iite.unesco.org/publications/themes/oer/
Білім беру ресустарына бірыңғай қатынау терезесі.
Білім беруге қажетті оқулықтар мен ғылыми-әдістемелік және ғылыми материалдардың толық мәтінді нұсқасы берілген, ашық қатынауға болатын, Ресейдегі ірі Интернет қоймасы бар кітапхана болып табылады.Кітапханада 300-ге жуық Ресей жоғары оқу орындары және басқа да білім беру және ғылыми мекемелерінің 30 мыңнан астам материалдары бар. http://window.edu.ru/
eLIBRARY.RU Ғылыми электрондық кітапхана
Ғылым, технология, медицина және білім беру саласына арналған Ресейлік ақпараттық-аналитикалық портал. 22 миллионнан астам ғылыми мақалалар мен жарияланымдардың толық мәтіндері, сонымен қатар 4800 ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың электрондық нұсқасы, оның ішінде 3800-ден астам журналдарға ашық қатынауға болатын электрондық кітапхана. Толық мәтіндерге қатынау үшін кітапханада тіркелу қажет. http://elibrary.ru/defaultx.asp
Шетел ресустары
Open Access Theses and Dissertations (OATD)
OATD базасында 1,5 миллион диссертацияның сипаттамасы құрылған. Толық мәтіндері университет серверларында сақталған, алғашқы 30 диссертацияның бірінші беттері мен рефераттарға қатынауға мүмкіндік бар. Ақпараттық ресустарға http://oatd.org мекен-жайы арқылы қатынай аласыздар.
Google Scholar іздестіру жүйесі
Google Scholar - Академия Google ғылыми жарияланымдар мен пәндердің барлық форматының толық мәтінді іздестіріп, еркін қатынай алатын іздестіру жүйесі болып табылады. Google Академиясында еш қиындықсыз ғылыми әдебиеттерді ауқымды түрде іздестіру жүзеге асырылады. Бірыңғай формадағы сұранымды қолданып әр түрлі пәндерден, және әр түрлі дереккөздерден, диссертациялар мен мақалалардан , кітаптардан, рефераттар мен есеп берулерден, баспалардан, кәсіби ассоциациялар, жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми ұйымдармен шығарылған ғылыми әдебиеттерден іздестіруге болады. Google Академиясы көп шексіз ғылыми жұмыстардың ішінен сіз жасаған сұранысты тақырыпқа сай және нақты түрде табуға көмектеседі. Ресурсқа http://scholar.google.ru. мекен-жайы арқылы қатнауға мүмкіндік бар.
Google Patent Search іздестіру қызметі
Google Patent Search - патенттер бойынша жаңа іздестіру қызметі. http://www.google.com/?tbm=pts. мекен-жайы арқылы қатынап іздестіруге болады. Қазір 8 миллионнан астам патенттерге қатынауға мүмкіндік бар.
SAGE баспасының ашық қатынауға болатын журналдар жиынтығы. http://sgo.sagepub.com/
Springer баспасының ғылымның барлық салалары мен медицина және технолгия саласы бойынша ашық қатынауға болатын журналдардың жиынтығы. http://www.springeropen.com/ мекен-жайы арқылы қатынауға мүмкіндік бар.
DOAJ: Directory of Open Access Journals
Биология, химия, медицина, әлеуметтік ғылымдар және компьютерлік технологиялар салалары бойынша ашық қатнауға болатын журналдардың (10 000 астам атаулар) ең ірі каталогы.Ғылыми журналдардың сапалылық пен өзектілігін жоғарылату мақсатында оларды пайдалану мүмкіндігін көтеруіне әсер етеді. DOAJ каталогында 50 ден астам Ресейдің ғылымыи журналдары көрсетілген. http://www.doaj.org мекен-жайы арқылы қатынауға болады.
DOAB (Directory of open access books)
Кітаптарға ашық қатынауға болатын каталог. Ашық қатынауға болатын жариялануға лицензиясы бар кітаптарды іздестіретін қызмет түрі. Қазіргі уақытта 50 ірі баспалардың 1410 астам ағылшын тіліндегі кітабы көрсетілген. http://www.doabooks.org/ мекен-жайы арқылы қатынауға болады.
SSOAR (Social Science Open Access Repository)
Неміс тіліндегі ресурс. Берлин декларациясына сәйкес әлеуметтік ғылымдар(демография, әлеуметтану, писхология, саясаттану, экономика және тағы басқа) саласы бойынша әдебиеттердің ашық қатынайтын ең ірі ашық электрондық репозиториі. Ашық қатынауды сақтау үшін техникалық стандарттарға сәйкестілігі мен сапалық шарттарын дәлелдейтін DINI сертификаты бар. http://www.ssoar.info/en.html
SSRN (Social Science Research Network)
Экономика және басқару саласына арналған ең ірі электрондық кітапхана. Екі бөлімнен тұрады. Құрамында 548100 астам ғылыми жұмыстардың рефераттары бар реферативтік деректер базасы және PDF Adobe Acrobat форматта 450,600 аса жүктелген құжаттардың толық мәтіндерінен тұратын Электрондық құжаттар жиынтығы. Оқырмандардың зерттеу тақырыптары туралы авторлармен және басқа да абоненттермен тікелей байланысқа шығу мүмкіндігі бар. Құжаттардың авторлары туралы және олардың электрондық пошталары туралы ақпарат бар. http://www.ssrn.com/
Кітапхана ісі мен информатика саласына байланысты ғылыми жұмыстарға ашық қатынаудың халықаралық мұрағаты. http://eprints.rclis.org
Mendeley 2008 жылы жас ғалымдардың көмегімен құрылған аккаунт және осы уақытта белсенді түрде дамуда. Онда 3 милионнан астам пайдаланушылар тіркелген және 400 миллионнан астам бірегей мақалалар жарияланған.http://www.mendeley.com
Медицина және әлеуметтік ғылымдар, биология, физика саласына арналған HighWire Press онлайн баспасының тегін және толық мәтінді мақалалары (300 астам журналдар, 1812 жылдан бастап 2 миллионға жуық мақалалардың толық мәтіндері) бар. http://highwire.stanford.edu/lists/freeart.dtl