EBSCO: Қашықтықтан жұмыс істейтін зерттеушілер үшін ғылыми деректер базасына тегін қолжетімділік.

Құрметті оқырмандар!

Сіздермен, әлемдегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды бөлісе отырып, сонымен қатар қашықтықтан оқыту мен жұмыс істеудің шұғыл қажеттілігі  туындағандықтан, EBSCO Information Services компаниясы мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесе отырып, барлық ЖОО үшін 17 толық мәтінді ғылыми деректер базаларына   тегін қатынауын жариялайды.

Бұл тізімге көп салалы және нақты салада мамандадырылған деректер базалары, сонымен қатар электрондық кітаптардың жинағы, жаңалықтар  тізбегі және тағы басқалары енеді.   

Бір мезгілде пайдаланушылардың шексіз саны үшін тегін қатынау   мына сілтеме бойынша ұйымдастырылады: http://search.ebscohost.com/

 

Қашықтықтан қатынау үшін логин мен парольді пайдалану керек:

Login: monrk

Password: dostup2020!

 

 

EBSCO компаниясының кітап және журнал жинақтарымен  танысу мүмкіндіктері болмаған  ұйымдар үшін, EBSCOhost іздестіру платформасымен жұмыс істеу және іздестіру навигациясы бойынша  онлайн-семинарлар  (вебинарлар) сериясын ұйымдастырады. Вебинарлар кестесі мен шақырулар жақын арада жіберілетін болады.   

 

                Біздің ҚР білім және ғылым министрлігімен бірлескен жобамыздың аясында, Қазақстан Республикасында толық мәтінді деректер базасын пайдалануды талдау және ғалымдар мен зерттеушілерді тарту мақсатында,  EBSCO компаниясының  мамандары сіздердің белсенділіктеріңізді  сараптайды, және нәтижелері бойынша  әр ұйым үшін жеке статистика жасайды.

EBSCO толық мәтіндер жинақтарына тегін қатынау  15.06.2020 ж. дейін қамтамасыз етіледі.  

 

                Біз сіздерді ғылым әлеміне, ғылыми жаңалықтар  мен зерттеулерге шақырамыз!