Image
1934

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ғылыми кітапханасына үш томдық  «Ашаршылық. Аштық. 1928-1934» жинағы сыйға қабылданып алынды. Редакциялық алқаның төрағасы болып табылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, жауапты редактор - мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы.

            Бұл еңбекте қазақ даласында болған ашаршылыққа қатысты 1928-1934 жылдар аралығын қамтитын нақты құжаттар мен деректер жинақталған. Соның нәтижесінде алапат аштықтың себептері, оның алғы шарттары, трагедиялық салдары туралы нақты мәліметтер және басқа да құнды деректер көпшілік үшін қажетті болып отыр.

            Бұл жинақ осы бағытта жұмыс істейтін университетіміздің ғалымдары мен зерттеушілеріне таптырмас құнды жинақтар.

            Басылымды әзірлеген ұжымға алғысымызды білдіре отырып, бастамаларыңызға сәттілік тілейміз.