Image
31 мая

Бүгін, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Бұл дата 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен бекітілді. Репрессия жылдары Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, 25 мың адам ату жазасына кесілді. Ғылым, мәдениет және саясаттағы бетке ұстар азаматтар, зиялы қауым өкілдері атылды. Тәуелсіз Қазақстанда 1993 жылы 14 сәуірде  «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» заң қабылданды. Академик  Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің Ғылыми кітапханасы «Тарихтан тағылым – Өткенге тағзым» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге дайындық бөлімінің студенттері келіп, жүзден аса кітаптармен танысты.