Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті ғылыми кітапханасына Қарағанды облысының  мемлекеттік мұрағатынан  «Религиозные конфессии Карагандинской области. 30-90-е годы XX века. Сборник архивных документов», «Основные этапы в развитии Ассамблеи народов Казахстана. Карагандинская область. Сборник документов», «Солдаты Победы 1941-1945 гг. Карагандинская область» еңбектері сыйға қабылданып алынды.

           Бұл еңбектердің жауапты редакторы  педагогика ғылымдарының кандидаты, Қарағанды облсының мемлекеттік мұрағат басшысы Тұрсынова Жаңагүл Жарекқызы ғылыми кітапханаға табыстады.

            Басылымдарда, Қарағанды облысының аумағында діни ұйымдардың құрылуы, құқықтық жағдайы және қызметі туралы  мұрағаттық құжаттар,  Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы мен қызметі туралы мұрағаттық құжаттар жарияланған.  Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағат қорынан алынған фотоқұжаттар, биографиялық сипаттағы мұрағаттық құжаттар, 1941 жылғы Қарағанды облысының әскерге шақырылушыларының тізімі алғаш рет жарияланып отыр. Жинақтар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып шығарылды.

            Бұл жинақтар университетіміздің ғалымдары мен зерттеушілеріне және студенттерге таптырмас құнды еңбектер.      

 

В Дар