Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ғылыми кітапхананың ұйымдастыруымен педагогика факультеті мен тарих факультетінің 1 курс студенттеріне арналған “Әлем таныған – Қазақстан = Признанный миром Казахстан” атты  Ақпарат күні өткізілді. Студенттерге тақырыптық тұсаукесерлер, ақпараттық хабарламалар, кітаптарға шолу, көрме көрсетілімдері ұйымдастырылып және электрондық ресурстарды оқу үрдісінде пайдалану  туралы кітапхана маманы Айгерім Макачева  мен Айжан Шохабаева студенттерге кеңес берді.  Дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына арналған «Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы...» атты көрме оқырмандар назарына ұсынылып қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Айзат Абдреймова көрмемен таныстырды. Сонымен қатар шараға педагогика және  психология кафедрасының аға  оқытушысы Кеңесбекова С.А., және археология және этнология кафедрасының оқытушысы Жағыпар Ә.Б. қатысып Тәуелсіздік туралы қысқаша  баяндама жасады.

День информацииДень информацииДень информацииДень информацииДень информацииДень информацииДень информации