Тарихи анықтама
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті кітапханасының тарихы Қарағанды мұғалімдер институтының ашылуынан (1938 ж.) бастау алады. Ленинград мемлекеттік университетінің қорынан әдебиеттану, тіл білімі, тарих, философия бойынша оқу әдебиеттері сыйға жіберілді. Кеңес Одағының басқа да жоғары оқу орындарының кітапханаларынан кітаптар түсті. Қор барлығы 1500 дана басылымды құрады. Штат екі кітапханашыдан тұрды.
1952 жылы Мұғалімдер институты Педагогикалық болып ұйымдастырылу қарсаңында кітап қоры 37000 дана оқулықтар, монографиялар, көркем мәтіндер құрады.
Кітапхана жоғары оқу орнымен бірге дамып отырды: жатақханаларда және оқу корпустарында оқу залдары, абонементтер ашылды, анықтамалық қызмет дами бастады. Қызметтік және оқырмандар каталогтары жасалды.
1972 жылы педагогикалық институттың базасында Қарағанды мемлекеттік университеті құрылды. Кітапханада толықтыру, каталогтау, негізгі кітапсақтау бөлімдері ашылды. Университетте ғылымның дамуы кітапханаға кітапханааралық абонемент (КАА) жүйесін енгізуге себеп болды. 80-шы жылдары Кеңес Одағының көптеген университеттерінің Иркутск, Петрозаводск, Томск, Новосибирск, Қазан және т.б. кітапханаларымен кітапалмасу жолға қойылды.
Кітапханаға кітаптар университет баспаларынан, оқытушылардан сый ретінде, Қазақстанның, Украинаның, Ресейдің, Белоруссияның барлық ірі кітапханаларынан жаңа кітаптар түсіп тұрды. Томск университетінің тарих кітапханасынан толық топтамалар түсті. Бұл топтамалар кейіннен сирек кітаптар қорының негізін қалады.
1978 жылы кітаптардың көптеген бөлігі (гуманитарлық ғылымдар) Оңтүстік Шығыстағы жаңа корпусқа орналастырылды. Студенттер алғаш рет жарық та, кең оқу залдарында, арнайы каталогтар залдарында дайындала бастады.
Одан әрі қарай барлық мамандықтар бойынша қорларды толықтыру жоспарлы түрде жүргізілді, факультеттерде оқу кітапханалары ашыла бастады. Біртіндеп кітап қорлары арнайы бөлімдерге орналастырылды. Мерзімді басылымдар қоры тәртіпке келтірілді, оларға анықтамалық-іздестіру аппараты жасалды (Мерзімді және жалғасымды басылымдар картотекасы).
90-шы жылдары университет кітапханасы жұмысына екі фактор: саяси жағдайларға байланысты бұрынғы кеңестік республикалармен кітапсаудасы және кітапханааралық байланыстардың үзілуі және біздің қоғамның әлемдік ақпараттық процеске тартылуы ықпал етті.
Кітапханада 1996 жылдың ақпанынан бері электрондық каталог жүргізіліп келеді. 1999 жылдан бастап студенттер мен оқытушылардың пайдалануына берілді.
1998 жылдан бастап Сорос-Қазақстан қоры грантының арқасында оқытушылардың оқу залында 3 компьютерде Интернетке қатынауға мүмкіндік туды, ал 1999 жылдың 1 қазанында осы оқу залының базасында бөлінген канал бойынша 14 компьютерлі Интернет-зал ашылды. Осылайша жаһандық желіге қатынау жөнінде университет ресурстары біріктірілді.
1999 жылы кітапханаға университеттің Ғылыми-техникалық ақпарат бөлімі қосылды.
1997 жылы кітапхана Ғылыми деген мәртебеге ие болды, Білім беру және ғылым министрлігінің бұйрығымен Қарағанды облысы жоғары оқу орындары мен колледж кітапханаларының әдістемелік орталығы болып тағайындалды.
1996 жылы біздің кітапханаға Қарағанды педагогикалық институтының кітапханасы қосылды.Университет кітапханасының қоры көркем әдебиеттер, педагогика бойынша оқулықтар мен монографияларға толықты. Кітапхана қүрылымына 2 оқу залы және 3 абонемент қосылды.
Пайдаланушыларға көрсетілетін ақпараттық және сервистік қызметтердің спектрін кеңейту мақсатында 2004 жылы кітапхана жанынан алғаш рет мультимедиалық зал (бас корпус, 206 б.), 2005 жылы №8 және №9 корпустардың оқу кітапханаларында тағы да 2 мультимедиалық зал ашылды.
2003 жылы дайындық бөлімінің тыңдаушыларына арналған 24 орындық оқу залы ашылды (Гоголь к-сі, 38, №4 корпус).
Кәсіби көркем-өнер факультетінің оқу залы (№11 корпус) 2005 жылдың 1 қыркүйегінде ашылды. Отыратын орындық саны – 30.
Кітапханада 2004 жылдан бері университеттің электрондық кітапханасы құрылуда. Электрондық кітапханаға кітапхананың қызметкерлер құрамы жүргізіп жатқан тақырыптық толықмәтінді деректер базалары, университет профессор-оқытушылар құрамының еңбектері мен оқу-әдістемелік материалдары, «Қарағанды университеті хабаршысы», сондай-ақ, кітапхананың электрондық құжаттарының мұрағат материалдарының электрондық нұсқалары кіреді.
2004 жылы ИРБИС жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде ЭК Интернетте ұсынылады. ЭК-тың барлық ДБ-сы жаңа жүйеге айырбасталды, студенттер мен қызметкерлер құрамы ИРБИС-пен жұмыс істеуді оқып үйренді. «Каталогтаушы», «Толықтырушы», «Әкімші» автоматтандырылған жұмыс орындары (АЖО) енгізілді.
2005 жылдың қортындысы бойынша кітапхана университеттің ең үздік құрылымы болды. Кітапхана университеттің басқа құрылымдарымен бірге 2006 жылдың мамыр айында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті өз жұмысында Сапа менеджменті жүйесін енгізгені туралы SGS фирмасынан (Швейцария) сертификатқа ие болды.
1 қыркүйекте 20 компьютерге арналған орынмен жабдықталған жетілдірілген оқу залының тұсаукесері өтті.Сол күні ҚарМУ колледжінің кітапханасы ашылды.
2007 жылдың 1 қарашасында 75 компьютерге қосылған ИНТЕРНЕТ желісіне, электрондық кітапханаға, толық мәтінді деректер базаларына, спутниктік телеарналарға қатынауға қызмет көрсететін электрондық ресурстар залы ашылды.
2008 жылдың 1 желтоқсанында Интернет арқылы электрондық кітапхананың толық мәтіндеріне авторластырылған тәртіпте қатынау ашылды.
2009 жылдың тамыз айында колледж кітапханасында30 отыратын орындық саны бар оқу залы ашылды.
2010 жылдың наурыз айында кітапхана университеттің басқа да бөлімшелерімен қоса институттық аккредитациядан ойдағыдай өтті.
2010 жылдың қараша айында ИРБИС-64 бағдарламалық қамсыздандыруға көшу жүзеге асты.
2011 жылдың наурыз айында кітапхананың ЭК құрылғанына 15 жыл толды.
2011 жылдың мамыр айында №3-ші ғимартта 30 компьютерден ақпаратқа қатынауға мүмкіндігі бар электрондық ресурстар залы ашылда.
2011 жылдың 1 қыркүйегінде №8-ші (35 компьютер) және №10-шы (80 компьютер) ғимарттарында электрондық ресурстар залдары пайдаланушыларға қызмет көрсетуге кірісті. Залдар интерактивті тақталармен, проекторлармен, түптеушілермен және тағы басқа техникалармен жабдықталған.
Пайдаланушыларға Интернет ресурстарын 20-дан астам сыртқы және жалпыуниверситеттік толықмәтінді және библиографиялық деректер базаларын пайдалануға мүмкіндік бар.
2012 жылдың желтоқсанында құрал-жабдық алынып, жалпы оқу залында (бас ғимарат) электронды кітап беруге көшу басталды.
2013 жылдың қаңтар айында жалпы оқу залына электронды қызмет көрсету жүйесі (RFID технологиялар) енгізілді. Пайдаланушыларға 2359 электронды оқырман картасы берілді.
2013 жылдың сәуір айында кітапхана Университеттің Мемлекеттік аттестациядан өтуіне қатысты. Аттестациялық тексеріс барысында ешқандай ескертпелер болған жоқ.
2013 жылдың қыркүйек айында 40 орындық магистранттарға арналған электрондық ресурстар залы (№4-ші ғимарат) ашылды.
2015 жылдың мамыр айында кітапхананың 5 қызметкері Челябинск мәдениет академиясының “ақпараттық-кітапханалық қызмет” бағыты бойынша магистратурасын сәтті аяқтады. (Г.К.Әбдіғұлова, Қ. Т. Аманбаева, С. А. Мұқанова, Ж. А. Нұрланова, О. Н. Шафеева).
2016 жылдың сәуір айында №11 корпуста (педагогика факультетінің студенттері мен ПОҚ үшін) электрондық ресурстар залы ашылды.
2016 жылдың тамыз айында Академик Е.А. Бөкетовтың Шығармалар жинағына анықтамалық том шығарылды.
2016 жылдың қазан айында университеттің институционалдық репозиториі – ҚарМУ ПОҚ жарияланымдарының электрондық қоймасы құрылды. Оны OpenDOAR репозиторийлердің ашық халықаралық каталогына тіркеуге өтінім берілді .
2017 жылдың ақпан айында халықаралық OpenDOAR ашық репозиторий каталогына тіркелді және мына мекен-жай бойынша қолжетімді: http://opendoar.org
2019 жылдың қаңтарында бас ғимаратта заң әдебиеті оқу залы жабылды.
2020 жылдың жазында алаңдардың оңтайландырылуына байланысты филология, биология-география, шет тілдері, математика, педагогика, химия, физика-техникалық факультеттерінің оқу залдары мен абонементтері біріктірілді. Дублеттік даналар жеке тұрған ғимаратқа (ССК) көшірілді.
2022 жылы биология-география факультетінің оқу кітапханасы жаңғыртылды, нәтижесінде білімнің барлық салалары бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге ашық қолжетімділік ұйымдастырылды. Сондай-ақ студенттерге арналған демалыс аймағы құрылды, онда оқушылар бос уақыттарын жайлы жағдайда өткізе алады.
2023 жылдың мамыр айында тарих факультетінде заманауи үлгідегі оқу кітапханасы мен жастар орталығы ашылды. Факультет кітапханасы бұрын Мұрағат алып жатқан жерге көшірілді. Кітапхана жаңа технологиялармен жабдықталған. Аулаға шығып ашық аспан аясында дайындалуға мүмкіндік жасалған.
2023 жылдың желтоқсанында педагогика факультетінің оқу кітапханасы жаңғыртылды. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін оқу залының ауданы ұлғайтылды, электрондық ресурстар залы 2-ші қабаттан 1-ші қабатқа көшірілді, RFID жабдықтары орнатылды, кітапхананың дизайны мен интерьері өзгерді, жеке және ұжымдық жұмыс үшін қолайлы жағдайлар, демалуға және көркем әдебиетті оқуға арналған орындар ұйымдастырылды.